Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

2023 жылы 9,5 миллион данадан аса мүшеқап тегін таратылған

6 месяца назад
2023 жылы 9,5 миллион данадан аса мүшеқап тегін таратылған
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

СПИД жұқтырғандарға арнайы мүшеқаптар тегін таратылады. Алайда былтыр «Әділдік жолы» Қызылорда облыстық филиалының басшысы Ләззат Бақтыбаева облыста тегін таратылуы керек презервативтердің сатылғанын, оның үстіне сапасының нашар екенін айтқан еді. Qulaq-24 тілшісі биыл СПИД-ті алдын алуға қанша қаражат жұмсалғанын және қандай шаралар жүргізіліп жатқанын анықтап көрді.

Редакция тілшісі бұл сұрақтардың жауабын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне арнайы сауал жолдады. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Компьютерде жұмыс істегеннен кейін қолыңыз ауыра ма? Оның 3 себебі

Коронавирус зертханада жасалған – АҚШ Конгресінің есебі

СПИД немесе АИТВ инфекциясы — адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған, иммун жүйенің ерекше зақымданғанынан және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына әкелетін созылмалы инфекциялық ауру.

Комитет мәліметінше, СПИД-ті алдын алу үшін биыл 182 миллион теңге бөлінген. 

«Республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырма шеңберінде Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығына өңірлерде АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін 2024 жылына 182 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді», — делінген жауапта. 

Ал әр өңірде АИТВ-инфекциясының алдын алуға бюджет кодексіне сәйкес қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бұл халық санына және эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

СПИД-ті алдын алуға мүшеқаптардан басқа не тегін таратылуы керек?

«АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына сәйкес халықтың негізгі топтары

  • презервативтер,
  • лубриканттар,
  • шприцтер,
  • спирт майлықтарды тегін алады.

Комитет мәліметінше, былтыр СПИД жұқтырғандарға, арнайы есепте тұрғандарға 9,5 миллион данадан аса тегін презервативтер таратылған. 

Көрнекі сурет 

Таратылатын заттар көлемі қандай?

Инъекция есірткісін қолданатын 1 адамға:  

  • 200 дана шприц;
  • 200 дана спирт майлық;
  • 50 дана презерватив. 

Секс қызметте істейтін 1 адамға: 

  • 200 дана презерватив;

Ерлермен жыныстық қатынасқа түсетіндерге, трансгендерге:

  • 150 дана презерватив;
  • 150 дана лубрикант. 

СПИД-пен өмір сүретін 1 адамға:

  • 100 дана презерватив таратылады. 

Елімізде қанша адам СПИД жұқтырған?

Комитет мәліметінше, 2024 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 34 622 АИТВ-мен өмір сүретін адамдар тіркелген, оның ішінде АИТВ-дің 4-сатысында 1612 адам бар. 

СПИД бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Қазақстанда 15-49 жас аралығындағы тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясы 0,33 пайызға таралған.

АИТВ-инфекциясының елде таралу көрсеткіші:

  • Шығыс Қазақстан облысында 0,97 пайыз;
  • Қарағанды облысында 0,76 пайыз;
  • Павлодар облысында 0,71 пайыз.

Қанша бала СПИД жұқтырған?

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталықтарында  АИТВ-мен өмір сүретін 18 жасқа дейінгі 631 бала есепте тұр.

Комитет мәліметінше, Қазақстанда АИТВ-инфекциясы көбіне жыныстық жолмен беріледі, оның пайыздық көрсеткіші — 71,5 пайыз. 

Бұл аурудан көз жұмғандар қанша?

Биыл 11 айда 104 адам қайтыс болған. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 27 жағдайға төмен.

АИТВ мен ЖИТС-тің белгілері қандай?

Аурудың белгілері әр кезеңде әртүрлі болады. Вирус жұқтырғаннан кейін алғашқы 2-4 аптада науқас суық тигендей күй кешеді. Бұлшықеттері, тамағы ауырады, тоңып, үсті-басы қышиды, ауыз қуысында жара пайда болып, лимфа бездері ұлғаяды. Тестердің бәрі болмаса да, көпшілігі вирус арқылы бөлінетін антиденелерді анықтай алады. Сондықтан әр жарты жылда немесе жылына бір рет ЖИТС-ке тест тапсыруды әдетке айналдырған жөн. Қазақстандықтар тексерудің бұл түрінен тіркелген емхана арқылы тегін өте алады.  

Алдыңғы

Қыста көлікті қалай жүргізу керек? Сарапшы кеңесі

Келесі

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

29 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған