Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

9 месяца назад
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Елімізде соңғы кездері қызылша, көкжөтел аурулары асқынып барады. Тіпті жыл басында қызылшадан екі бала көз жұмып, 15 бала аса ауыр жағдайда ауруханаға түскен еді. Себебі не? Шешімі қандай? Мәселеге қатысты qulaq.kz тілшісі ресми органнан жауап алды.

Естеріңізде болса 2023 жылы Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры ЮНИСЕФ,  Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлемде бірінші орында тұрғанын хабарлап жаға ұстататар жаңалығымен бөліскен еді. Кейінгі мәліметтер де көңіл көншітпейді. Соңғы кезде бұл кеселді жұқтырғандар саны елімізде 20 мың 200 адамға дейін өскен. Өршіген аурулар тізімінен көкжөтел де жылт етеді. Оны жұқтырғандар саны соңғы уқытта 120 есе өскен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы көкжөтелдің 3 жағдайы, 2023 жылы 393 адам тіркелген. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

2023 жылы 9,5 миллион данадан аса мүшеқап тегін таратылған

Компьютерде жұмыс істегеннен кейін қолыңыз ауыра ма? Оның 3 себебі

Министрлікке қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аурудың өршуі вакцинадан бас тартқандардың артуымен тығыз байланысы барын айтады.

Өкінішке орай, бүкіл әлемде де, елде де вакцинациядан бас тартудың өсу тенденциясы иммундалмаған адамдар тобының көбеюіне және вакцинацияланбаған адамдар арасында түрлі аурулардың тарауына ықпал етеді. Бұл қазіргі эпидемиологиялық жағдайға кері әсерін тигізеді. Соңғы бес жылда 41 мың адам профилактикалық екпеден бас тартты.

  • 2019 жыл – 6003 жағдай
  • 2020 жыл – 7403 жағдай
  • 2021 жыл – 7255 жағдай
  • 2022 жыл – 7145 жағдай
  • 2023 жыл – 14026 жағдай

Комитет осы тұста ақпараттық күрес есебінен 14 мың (33,7%) адамды вакцинация алуға қайта көндіріпті. Вакцинадан бас тартудың 60% жеке бас сенімімен, 20% діни себептер, 14% вакциналарға сенімсіздік себебінен, 6% — интернет желісінде теріс ақпараттардың негізінде екпе салдырмаған екен.

Комитет екпе салмағандардың көбі ауырғанын алға тартады. Оның ара-салмағында вакцинадан бас тарқандардың үлесі басым.

Қызылшамен ауырғандардың 83%-да вакцинацияланбаған балалар ауырды, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 58% бала. Сонымен қатар көкжөтелмен ауырғандардың ішінен 88% вакцинацияланбаған балалар, оның 63% екпеден бас тарту себебінен. 

Әрине елімізде вакцинациялау мәжбүрлі емес. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы  77 — бабына сәйкес елімізде әр азаматтың профилактикалық екпелерді алуға  келісім беруге немесе олардан бас тартуға құқығы бар. Дегенмен екпе салынбағандар қатары артып бара жатқаны алаңдатады.

Алдыңғы

Осы Ресей газы Еуропаға неге Украина арқылы әлі тасымалданып жатыр?

Келесі

Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне қатысты мәлімдеме жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

29 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған