Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Генерал Мұрат Қабденов: “Әр күні жұмыстан қайтқанда өзіңізге баға беріңіз!”

4 месяца назад
Генерал Мұрат Қабденов: “Әр күні жұмыстан қайтқанда өзіңізге баға беріңіз!”
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

ҚР ІІМ Ержан Сәденов «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 2025 жылды «Профилактика жылы» деп жариялап, іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Осы ретте Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында 2025 жылдың қаңтар айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша жедел-кеңес өтті.
Күн тәртібінде қылмыстың алдын-алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілген шаралар талқыланды. Департамент бастығы Мұрат Қабденов төрағалық еткен жиында салалық басқарма (бөлім) және қалалық, аудандық полиция басшылары, олардың орынбасарлары, бөлімше басшылары мен топ жетекшілері қатысты.
Жалпы Түркістан облысында ағымдағы жылдың 1 айында құқық бұзушылық саны 3,1%-ға, қылмыс саны 8,8%-ға азайған. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 9,5%-ға жақсарған. Құқық бұзушылықтардың ашылымы 79%-ды құрайды. Тергеу мен анықтау саласы бойынша сотқа 359 іс жолданып, өткен жылмен салыстырғанда 99 іске асыра орындалып отыр. Қоғамдық орында жасалған құқық бұзушылықтар 2,4%-ға төмендеген. Ал облыс бойынша 78 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара көрілген. Жиында құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде алаяқтық қылмысының алдын алу бойынша атқарылған жұмыс барысы айтылды.
Жиналыс барысында облыстың бас полицейі: «Әрқайсыңызға кеңес, күнделікті істеген жұмыстарыңызды талдап, саралап шығуды әдетке айналдырыңыздар. Ең бастысы профилактикаға назар аударыңыздар. Білім беру мекемелеріндегі буллинг, бопсалау, басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін басшыдан бастап мектептерге шығып, алдын алу шараларын жандандырыңыздар.
Сондай-ақ облыс орталығы Түркістан қаласында мүлдем қылмыс пен құқық бұзушылық өспеуі тиіс екенін ескертемін. Есірткі жарнамалайтын сайттарды бұғаттау, қауіпсіз елдімекен, ішімдіксіз ауыл қатарын көбейту бағытында жұмысқа кірісіңіздер!»-деп атап өтті.
Департамент бастығы бірқатар басшыларға қатаң сөгіс беріп, кемшіліктерді жоюға уақыт белгіледі. Сонымен қатар ҚР ІІМ тапсырмаларын дер кезінде сапалы орындау қажеттілігін тапсырып, жеке құраммен жұмысты дұрыс ұйымдастыруды ескертті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Наше здоровье в наших руках!

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Алдыңғы

Балалар хирургиясының атасы Ормантаев Камал Сәруарұлы дүниеден озды

Келесі

Тяжелый акушерский случай в Алматинской области: вызовы преэклампсии и HELLP синдрома в условиях междисциплинарной помощи

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Наше здоровье в наших руках!

Наше здоровье в наших руках!

9 июня, 2025
Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

6 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған