Жетісу аудандық комьюнити орталығында жастарды ортақ мақсаттар мен құндылықтар аясында біріктіруге бағытталған «Community Building» жобасының алғашқы кездесуі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында жаңа таныстықтар орнату, өзара қолдау көрсету және олардың шығармашылық әрі кәсіби дамуына мүмкіндік жасау.
Алғашқы кездесудің қонағы – белгілі режиссер, сценарист Санжар Бармағанбет болды. Ол кино индустриясының қыр-сырымен бөлісіп, сахна сыртындағы қызықты оқиғалармен бөлісті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі маманнан құнды ақпарат алды.
Бұл кеш жастарға жаңа білім мен шабыт сыйлады! «Community Building» жобасы алдағы уақытта да қызықты кездесулермен жалғасын табады.