Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

АШЫҚ ЕСІК АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

1 месяц назад
АШЫҚ ЕСІК АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Бүгін Абай университетінде талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» аясындағы апталық өз мәресіне жетті. 23—29 сәуір аралығында өткен ауқымды іс-шараға Алматы қаласы мен облыс аудандарынан мыңға жуық талапкер қатысып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

Апталық барысында университеттің әр факультетінде арнайы таныстырылымдар ұйымдастырылып, білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктері жан-жақты насихатталды. Қорытынды жиында факультеттер жәрмеңкесі өтіп, талапкерлер өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша толық ақпарат алды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қазақстанды шетелге масқара қылды

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Салтанатты ашылу рәсімінде университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова талапкерлерге жылы лебізін білдіріп, ашық есік күніне қатысушыларды құттықтады. Проректор өз сөзінде қазіргі таңда 20 мыңнан астам студент қара шаңырақта білім алып жатқанын, сондай-ақ оқу орнының халықаралық рейтингте алдыңғы орыннан көрініп жүргенін атап өтті. Бану Мұхатайқызы талапкерлердің Абай университетін таңдауға ниет білдіретініне сенім артты. Білім беру бағдарламаларының сапалы әрі заманауи талаптарға сай, студенттер үшін мол мүмкіндіктер қарастырылғанын жеткізді. Халықаралық байланыстардың нығайып, студенттерге жаңа білім мен тәжірибе жинауға жол ашық екенін тілге тиек етті.

Іс-шараға арнайы қатысқан Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Тоқтарбекұлы да талапкерлерге сәттілік тілеп, білім алудың маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында ҰТ сарапшысы Фархат Сұлтабаев талапкерлерге ұлттық бірыңғай тестілеудітапсырудың тиімді әдістерімен бөлісті.

– Тестілеуді сәтті тапсыру үшін үш айналым стратегиясын қолдануға кеңес беремін. Алдымен ең оңай сұрақтардан бастау керек. Кейін тестті талдап, қателермен жұмыс жүргізу маңызды. Соңында әр тестке аналитикалық сараптама жасап, қайта-қайта орындау арқылы машықтану қажет, – деді сарапшы.

Жиын барысында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлжахан Иманхатова бұл іс-шараның талапкерлер үшін маңызы зор екенін алға тартты. Сондай-ақ университет түлегі, Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев жас түлектерге ақ жол тілеп, «Гәкку» халық әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шарада Жаратылыстану және география факультетінің 3-курс студенттері «Химия – таңғажайып әлем» атты эксперименттік шоу ұсынып, ғылымның қызықты қырларын көрсетті. Ал Дене шынықтыру кафедрасының студенттері джиу-джитсу өнерінен шеберлігін паш етті.Сонымен қатар Абай университетінің білім алушылары Нұршапағат Сәулет пен Өмірзақ Әмір орындаған «Абайымнан тапқаным» әні кештің көркін қыздыра түсті.

Іс-шара соңында талапкерлер арасында викториналық ойын ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға арнайы имидждік сыйлықтар табысталды. Бір аптаға созылған «Ашық есік күні» талапкерлерге университет өмірімен жақынырақ танысып, болашақ мамандықтарын таңдауға үлкен мүмкіндік сыйлады.

Айта кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ – отандық білім-ғылымның қара шаңырағы, Орта Азиядағы ең үздік педагогикалық жоғары оқу орны. Ғасырға жуық тарихында 250 мыңға жуық жоғары білімді кадрлар дайындап, отандық білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Университет педагогика саласында ғана емес менеджмент, құқық және заң бағыттары бойынша мамандар даярлайды. «Abai University» медиа орталығы

Алдыңғы

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

Келесі

Алматы облысында мектеп оқушыларына кәсіби бағдар және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары үйретіле бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қазақстанды шетелге масқара қылды

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қазақстанды шетелге масқара қылды

31 мая, 2026
Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

23 мая, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған