Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Жетісудың Қаратал ауданындағы шалғай Көпбірлік ауылында ауыз су сапасының мәселесі шешілді

7 месяца назад
Жетісудың Қаратал ауданындағы шалғай Көпбірлік ауылында ауыз су сапасының мәселесі шешілді
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Жетісудағы Қаратал ауданының ең шалғай елді мекені – Көпбірлік ауылының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді. Ауылда орталықтандырылған су құбыры болғанымен, соңғы жылдары тұрғындар тұзды су ішуге мәжбүр болған еді. Мәселенің қалай шешілгенін бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қаратал ауданына барған жұмыс сапары барысында арнайы көріп қайтты, — деп хабарлайды Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 2010 жылы ауылда сумен жабдықтау жүйесі қайта жаңғыртылған еді, атап айтқанда жаңа желілер салынып, тереңдігі 100 метрден асатын ұңғыма қазылып, тұщыландыру қондырғысы орнатылды, ысырмалары ауыстырылды. Қабылданған шараларға қарамастан, соңғы жылдары судың тұздылығы литріне 5,9 грамнан 8 грамға дейін өскен, сондықтан бұл ауыл халқын мазалаған мәселеге айналған болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Осыған байланысты облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес бюджеттен қаражат бөлініп, мәселені шешуге қажетті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 2 км желіге қайта жаңғырту жүргізіліп, жаңа су мұнарасы тұрғызылды, оған қоса тұздану деңгейі литріне тіпті 12 граммға жеткен күнде де суды тұщыландыруға қуаты жететін жаңартылған тұщыландыру қондырғысы орнатылды.

Облыс әкімі Көпбірлік ауылына барған сапарында судың сапасын көріп, тұрғындармен жолықты. Осы орайда кездесуге қатысқан ауыл тұрғындарының бірі Зәмзәгүл Несіпбаева:

— Ауыз су – тіршіліктің негізі көзі, денсаулықтың кепілі. Сондықтан оның сапасының жақсы болғаны маңызды. Бізде бірнеше жылдан бері ауыз су сапасы нашар болатын. Биыл бұл мәселе сіздің қолдауыңызбен шешімін тапты, халық риза. Ауылымызға бұдан былай да көңіл бөлінеді деп сенеміз, — деді.

Атап өтсек, Көпбірлік ауылда 179 аула бар, соның 168-і орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылған. Ауылда тұратын халық саны 900-ден асады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

 Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Алдыңғы

Врачи города Конаев спасли женщин-близнецов

Келесі

В отдаленном селе Копбирлик области Жетісу решена проблема качества питьевой воды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

6 июня, 2025
Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

6 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған