Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2 месяца назад
Абай университетінде ашық есік күні өтті
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Бір ғасырлық тарихы бар қара шаңырақ – еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны ретінде мыңдаған білікті ұстаздарды дайындап, қазақ елінің ағарту саласына орасан үлес қосып келеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Врачи Алматинской области повышают квалификацию в ведущих университетах России

Алматы облысының дәрігерлері Ресейдің жетекші медициналық университеттерінде біліктіліктерін арттыруда

Ашық есік күнінің ресми бөлігінде Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары – 140 балл жинаған Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Толқын» орта мектебінің түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы арнайы марапатталып, естелік сыйға ие болды.
Шара аясында университеттің Сән және дизайн кафедрасының студенттері дайындаған сән үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, Алматы облысы Білім басқармасының өкілі Иманхатова Гульжихан түлектерге құттықтау сөз арнады.
Ашық есік күні барысында факультеттер жәрмеңкесі өткізіліп, 15 жылдық тәжірибесі бар педагог-профориентолог Омарбек Көшкімбайұлы «Мамандықты дұрыс таңдау мен грантқа түсу жолдары» тақырыбында дәріс оқыды.
Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Алмас Әбдіманапұлы Найманбаев «Қазіргі таңда оқу ордамызда тоғыз факультет бар. Олар Сорбонна-Қазақстан институты, Математика, физика және информатика факультеті, Педагогика және психология факультеті, Жаратылыстану және география факультеті, Филология факультеті, Тарих және құқық факультеті, Өнер факультеті, Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті және Астана білім беру кафедрасы. Олардың әрқайсысы заманауи, сапалы маман дайындау үшін уақыт сұранысына сай бейімделген. Бүгінгі ашық есік күніне Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарынан жалпы саны 500-ге жуық оқушы келіп қатысты» -дейді.
Шара концерттік бағдарламамен және викториналық сұрақтармен жалғасты.

Алдыңғы

Әрбір адам маңызды: Алматыда жастарға арналған инклюзивті коммуникация семинары өтті

Келесі

Ұлы дала халқына алғысым шексіз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматы облысының дәрігерлері Ресейдің жетекші медициналық университеттерінде біліктіліктерін арттыруда

Врачи Алматинской области повышают квалификацию в ведущих университетах России

27 июня, 2025
Алматы облысының дәрігерлері Ресейдің жетекші медициналық университеттерінде біліктіліктерін арттыруда

Алматы облысының дәрігерлері Ресейдің жетекші медициналық университеттерінде біліктіліктерін арттыруда

27 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған