Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Алматы облысының дәрігерлері Ресейдің жетекші медициналық университеттерінде біліктіліктерін арттыруда

1 день назад
Алматы облысының дәрігерлері Ресейдің жетекші медициналық университеттерінде біліктіліктерін арттыруда
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Асқазан-ішек жолы ағзаларына жасалатын лапароскопиялық операциялар — бұл іш қуысына үлкен тілік жасамай, шағын тесіктер арқылы орындалатын заманауи аз инвазивті хирургиялық араласулар. Мұндай әдіс тіндердің зақымдануын азайтып, науқастың операциядан кейінгі ауырсынуын төмендетуге және оңалту мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирург-дәрігерлері Айдос Талапұлы Қизатов пен Тахир Закирович Шкуралиев қазір Санкт-Петербургтегі И.П. Павлов атындағы Бірінші мемлекеттік медициналық университетінде екі апталық оқудан өтуде. Оқу бағдарламасы мен бірқатар операцияларды медицина ғылымдарының докторы, 30 жылдық тәжірибесі бар хирург, кафедра меңгерушісі Андрей Юрьевич Корольков жүргізуде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Врачи Алматинской области повышают квалификацию в ведущих университетах России

Yandex Qazaqstan ең қолжетімді колонкасы – Сағатсыз Станция Лайт 2 сатылымға шыққанын жариялады

Айдос Талапұлының айтуынша, оқу барысында дәрігерлер ашық және лапароскопиялық тәсілдер арқылы орындалатын түрлі операцияларға қатысуда.

«Басты назар лапароскопиялық хирургияға аударылған. Бұл әдістің артықшылықтары — тіндердің аз жарақаттануы, ауырсынудың төмендеуі және пациенттің тез сауығуы. Операциялар лапароскопиялық қондырғы арқылы шағын тесіктерден орындалады», — дейді дәрігер.
Бүгінге дейін олар лапароскопиялық гастрэктомия (асқазанды алып тастау), сол жақты колэктомия (тоқ ішектің сол бөлігін алып тастау), жарықтарға жасалған лапароскопиялық операциялар, сондай-ақ бауырдың сол жақ бөлігін алып тастау секілді техникалық жағынан күрделі — гемигепатэктомия операциясына қатысты.

«Білім беру бағдарламасы қазіргі заман талабына сай аз инвазивті әдістерді игеруге басымдық береді», — дейді Тахир Закирович Шкуралиев.
Оқыту курсының аяқталуы келесі айдың басына жоспарланған. Бұл білім мен тәжірибе аймақтық деңгейде жоғары технологиялы хирургиялық көмекті дамытуға үлкен үлес қосады.

Алдыңғы

Yandex Qazaqstan ең қолжетімді колонкасы – Сағатсыз Станция Лайт 2 сатылымға шыққанын жариялады

Келесі

Врачи Алматинской области повышают квалификацию в ведущих университетах России

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматы облысының дәрігерлері Ресейдің жетекші медициналық университеттерінде біліктіліктерін арттыруда

Врачи Алматинской области повышают квалификацию в ведущих университетах России

27 июня, 2025
Алматы облысының дәрігерлері Ресейдің жетекші медициналық университеттерінде біліктіліктерін арттыруда

Алматы облысының дәрігерлері Ресейдің жетекші медициналық университеттерінде біліктіліктерін арттыруда

27 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған