Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Алматыда «CareerTime» кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті

6 месяца назад
Алматыда «CareerTime» кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Алматы қаласының Нархоз университетінде «CareerTime» кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті. Бұл ауқымды іс-шара жастардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға және еңбек нарығының қажеттіліктерімен танысуға мүмкіндік берді. Фестивальге Алматы қаласының 26 жоғары оқу орны, 30 ірі компания 400 бос жұмыс орындарын ұсынды, ал қатысушылардың жалпы саны 2000-нан астам мектеп бітірушілері мен жұмыссыз жастарды құрады. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен  «Almaty student’s week» апталығының аясында ұйымдастырылды.

«CareerTime» – бұл мектеп түлектері мен қала жастары үшін үлкен мүмкіндіктер алаңы. Бұл жерде олар еңбек нарығының жаңа талаптарымен танысып, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілермен тікелей байланыс орната алады. Мұндай бастамалар жастардың кәсіби өсуіне және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді деп сенеміз», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша 1500-ден астам жаднама таратты

Фестиваль барысында қатысушылар үшін әртүрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, IT және цифрлық дағдыларға арналған шеберлік сыныптар мен презентациялар, фитнес пен салауатты өмір салты бойынша шеберлік сыныптары және көркем сурет бойынша шығармашылық аймақтар  да болды.

«Бұл фестиваль маған болашағымды айқындауға көмектесті. Мен өзіме сәйкес келетін университетті тауып, оқу бағдарламасымен жақынырақ таныстым. Осылайша, мен бүгін өзім үшін нақты шешім қабылдадым», — дедіфестивальге қатысқан 11 сынып оқушысы Айжан.

«CareerTime» фестивалі білім беру, еңбек нарығы және шығармашылық бағыттардың тоғысуының тамаша үлгісі болды. Іс-шара жастардың кәсіби және жеке дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, келешекке сенімді қадам жасауға жағдай жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш шара келесі жылы да жалғасын таппақ.

Сонымен қатар, іс-шара аясында жастар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Алдыңғы

Алматыда үздік білім ордаларының басын қосқан ауқымды форум өтті

Келесі

В Алматы прошел профориентационный фестиваль «CareerTime»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

8 мая, 2025
Полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша 1500-ден астам жаднама таратты

Полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша 1500-ден астам жаднама таратты

8 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған