Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 дня назад
Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Алматыда қанша балаға тегін медициналық көмек көрсетілді? Балалар арасында мекөмектің қандай түріне деген сұраныс жоғары болып тұр және оған қанша қаржы жұмсалды. Балаларды қорғау күні қарсаңында МСҚ Алматы қалалық филиалы осы тақырыпқа қатысты мәліметтермен бөлісті.

Денсаулығы енді қалыптасып келе жатқан бала жаны өте нәзік. Біздің үкіметіміз балаларға қолжетімді, дер кезінде медициналық көмек көрсету арқылы дүниеге келген сәттен бастап ерекше қамқорлық жасап келеді. Ал, медициналық сақтандыру жүйесінде балалар 18 жасқа дейін мемлекет тарапынан сақтандырылған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Қазір Алматы қаласында 18 жасқа дейінгі 644 мыңнан астам бала тұрады. Олардың әрқайсысы уақытылы әрі сапалы медициналық көмек алуға құқылы.

Стационарлық медициналық көмек
Биылғы жылдың 4 айында Алматыда 35 мыңнан астам бала кепілдендірілген тегін медициналық көмек және МӘМС пакеттері шеңберінде стационарлық ем алған. Бұған Қор 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Стационарда көрсетілген ем-домның дені жұқпалы аурулар, хирургия, урология, неврология, нейрохирургия және реабилитация бағыттарын құрайды.
Оның ішінде – 83 ота жоғары технологиялардың көмегімен жасалған. Бұған Қор 348,4 млн теңге төледі.
Балаларға көрсетілген көмек арасында медициналық оңалтудың алатын орны ерекше. Өткен 4 айда қала бойынша 3 086 бала жалпы құны 898,6 млн теңгелік реабилитациядан өткен. Олардың арасында ауыр дерттер мен күрделі отадан кейін денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік алған балалар да бар.

Бастапқы медициналық көмек жайлы
2025 жылдың бастапқы 3 айында балалар 360 мыңнан астам салалық маманның консультациясын алған. Көбіне олар офтальмолог, хирург, лор, стоматолог және невропатолог мамандарға жүгінген.
Аурудың алдын алуға бағытталған профилактикалық тексерулер – бала денсаулығын сақтаудың ажырамас бөлігі. Қала емханаларында 300 мыңнан астам бала тегін профилактикалық тексеруден өткен. Оған 857,4 млн теңге жұмсалды.
Сонымен қатар, балалар мектептерде де үздіксіз медициналық көмекпен қамтамасыз етілген. Бұл әсіресе, денсаулығы тұрақты қадағалауды қажет ететін балалар үшін маңызды бағыттардың бірі. Аталған уақыт аралығында білім ордаларында 4 547 оқушыға медкөмек көрсетілген.
Мектепте оқитын балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарастырылған. Осы уақыт ішінде созылмалы аурулармен есепте тұрған 19 мыңнан астам балаға 2,5 млрд теңгенің дәрісі берілген.
МӘМС енгізілгелі бері стоматологиялық көмектің балаларға қолжетімді бола бастаған айта кеткен жөн. Бүгінде алматылық балалар емханалар мен жеке меншік клиникаларда тегін стоматологиялық көмекке жүгініп, кариес, альвеолит, пульпит, периодонтитті емдеп жатыр. Бұған Қор 742 млн теңге жұмсады.

Соңғы жылдары алматылық ата-аналардың бала жазғы демалысқа шыққан кезде тісін емдетуді жақсы әдетке айналдырғаны байқалады. Мұның ыңғайлы әрі тиімді екені даусыз. Қормен жұмыс істйетін стоматологиялық клиникалар тізімін МСҚ Алматы филиалының Instagram-парақшасында көрсетілген: @msqory_almaty.

Алдыңғы

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Келесі

Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

4 июня, 2025
Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған