Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Алматының жас таланттары «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды

7 месяца назад
Алматының жас таланттары «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шара қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған бұл грантқа 150-ден астам өтінім келіп түскен. Нәтижесінде комиссия шешімімен 6 бағыт бойынша 13 ерекше жоба ұсынған талантты жастарға 1 000 000 теңгеден үлестірілді. Атап айтқанда, грант иегерлері ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік салалары бойынша  марапатталды.

«Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері рухы мен ойы еркін жастардың тұтас буыны өсті. Отанымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып жатқан Тәуелсіздік балаларының толқыны өсуде. Президенттің тапсырмасымен осы гранттар жас қазақстандықтарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып келеді. Бұл олардың тың идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Бекқайыров

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Мобильные медицинские комплексы помогают выявлять рак на ранней стадии в Алматинской области

Жылжымалы медициналық кешен – ауыл тұрғындарына сапалы диагностика мен үміт сыйлайды

Жобаның басты мақсаты – жастардың белсенді әрі шығармашыл қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау, сондай-ақ жастардың қоғамдық маңызды шараларға қатысуы арқылы Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін дамыту дейді ұйымдастырушылар.

«Бұл жобаның басталғанын әлеуметтік желілерден көріп, бағымды сынап көрейін деп шештім. Комиссия шешімінен кейін ұйымдастырушылар “жеңімпаз атандыңыз” — деп, хабарласқанда қатты қуандым. Алдағы уақытта жобаны жастарға және қоғамға пайдасын тигізу үшін барынша сапалы жасауға тырысамыз», — деді бизнес бағыты бойынша грант иесі Нүсіпбаева Жұлдыз.

Салтанатты шараға қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және белсенді қала жастары қатысты. Марапаттау рәсімінен кейін қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Алдыңғы

АЛҒАШ РЕТ ТАЛДЫҚОРҒАН ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖЕДЕЛ ПРОМИЕЛОЦИТТІК ЛЕЙКОЗБЕН АУЫРҒАН НАУҚАС ТОЛЫҒЫМЕН ЕМДЕЛДІ

Келесі

Инвестиции в мечту: молодые таланты Алматы получили гранты «Тәуелсіздік ұрпақтары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Жылжымалы медициналық кешен – ауыл тұрғындарына сапалы диагностика мен үміт сыйлайды

Мобильные медицинские комплексы помогают выявлять рак на ранней стадии в Алматинской области

10 июня, 2025
Жылжымалы медициналық кешен – ауыл тұрғындарына сапалы диагностика мен үміт сыйлайды

Жылжымалы медициналық кешен – ауыл тұрғындарына сапалы диагностика мен үміт сыйлайды

10 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған