Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Ауғанстанда 300-ге жуық қауіпсіздік қызметкері сақал өсірмегені үшін жұмыстан босатылды

9 месяца назад
Ауғанстанда 300-ге жуық қауіпсіздік қызметкері сақал өсірмегені үшін жұмыстан босатылды
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Үш жыл бұрын елді басып алған тәліптердің мораль министрлігі олардың бейнесін шариғат заңдарына қайшы деп тапқан, — деп хабарлайды qulaq.kz.

«Талибан» қозғалысының Мораль министрлігі сейсенбіде қауіпсіздік күштерінің 280-нен астам қызметкерін сақал өсірмегені үшін қызметтен босатты. Және де Ауғанстанда өткен жылы «азғын әрекеттері» үшін 13 мыңнан астам адам қамауға алынған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Оңтүстік Корея президенті бүлік шығарды деген айыппен қамауға алынды

Түркия тағы бір мұсылман мемлекетін қорғауға кірісті

Арсыздықтың алдын алу және ізгілікті насихаттау (мораль) министрлігі жыл сайынғы баяндамасында мәлімдегендей, ұсталғандардың жартысына жуығы 24 сағаттан кейін босатылған.

Осы министрліктің жоспарлау және заңнама департаментінің директоры Мохибулла Мохлис баспасөз мәслихатын өткізіп, тиісті органдардың өткен жылы 21 328 музыкалық аспапты жойып, мыңдаған компьютерлік оператордың «әдепсіз және этикаға қайшы» фильмдер сатуына жол бермегенін де атап өтті.

Сонымен қатар, Мохлис қауіпсіздік күштерінің 281 қызметкердің сақалсыз жүргенін анықтап, олардың ислам заңдарына сәйкес жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

Дегенмен, 2021 жылы тәліптер билікке келгеннен кейін Кабулде таратылған әйелдер министрлігінің ғимаратына жайғасқан Мораль министрлігінің өзін адам құқығын қорғау ұйымдары мен Біріккен Ұлттар Ұйымы әйелдерге шектеу қойып, сөз бостандығын тежеді деп талай сынға алды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы миссиясы осы министрлік шенеуніктерін мұсылманша киінбеді деп, әйелдерді кейде бірнеше сағатқа тоқтатып, қамауға алды деп айыптады.

«Талибан» тағылған кінәні жоққа шығарып отыр.

«Жоғары лидердің нұсқауы негізінде әйелдердің хиджабын (исламдық киімін) сақтау жоспарының жобасы әзірленіп, бекітілді», — дейді Мохлис. 

Бұған дейін Мораль министрлігі әйелдердің бетін жабуы немесе толығымен орап тұратын паранжа киюі қажет екенін, ал бұл талап орындалмаса, қыз-келіншектердің өздері емес, олардың отбасындағы ерлер қудаланатынын мәлімдеген еді.

Ауғанстандық әйелдердің көпшілігі консервативтік елді «Талибан» басып алғанға дейін жұрт алдында шаштарын жауып жүрді, бірақ кейбіреулері, әсіресе Кабулде, әдетте бетін жаппайтын немесе паранжа кимейтін.

Тағы бір сөзінде Мохлис 200-ден астам әйел сату әрекетіне және әйелдерге қатысты 2600-ден астам зорлық-зомбылыққа тосқауыл қойылғанын айтып өтті.

Алдыңғы

Тәжікстанда биік лауазымды тұлғаларды тұтқындау басталды

Келесі

Қызметкерлеріне қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін компаниялар жеңіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

29 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған