Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

«Бес қару» атты әскери-патриоттық сайыс өтті

2 недели назад
«Бес қару» атты әскери-патриоттық сайыс өтті
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 5 мамыр күні 7 мамыр отан қорғаушылар күніне орай Алматы қаласы Жетісу ауданы аумағындағы №177 жалпы білім беретін мектепте Жетісу ауданының демалыс орталықтары арасында «Бес қару» атты әскери-патриоттық сайыс өтті. Сайысқа 14–16 жас аралығындағы балалардан құралған командалар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, әскери-қолданбалы дағдыларды дамыту және шұғыл жағдайда әрекет ету қабілеттерін шыңдау болды.

Сайыс барысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша бақ сынады:

  • автомат (макет) шашып-жинау;
  • автомат оқтарын жинау;
  • алғашқы медициналық көмек көрсету;
  • газтұмылдырық киіп жүгіру;
  • түрлі кедергілер жолағынан өту;
  • турникке тартылу.

Сайыс нәтижесінде:

  • 1-орынды – «Алаш 1» командасы;
  • 2-орынды – «Алаш 2» командасы;
  • 3-орынды – «Көкжиек сити» командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль, кубок, статуэтка және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл іс-шара жасөспірімдердің физикалық дайындығын арттырып қана қоймай, оларды ұйымшылдыққа, тәртіпке, батылдық пен жауапкершілікке баулыды. Осындай әскери-патриоттық сайыстар жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық борыш сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Алдыңғы

 «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

Келесі

Орта Азиядағы ең ірі Aport mall West аумағы кеңейіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

29 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған