Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Бұрынғы әйелін “11 жыл бойы ұрып-соқты“ деп айыпталған экс-әкімге қатысты сот үкімі өзгерді

7 месяца назад
Бұрынғы әйелін “11 жыл бойы ұрып-соқты“ деп айыпталған экс-әкімге қатысты сот үкімі өзгерді
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Атырау облысы Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовқа шыққан сот үкімі өзгерді

Апелляциялық сатыдағы сот Ибрагимовқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертті. Бұған дейін Атырау қаласының №2 соты Ибрагимовті материалдық тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеген болатын. Жәбірленушінің моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды: сотталушыдан 2 миллион теңге моральдық зиян өндірілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Қазақстанда «коучинг» эпидемиясы: не білу керек?

Оралдық блогер кәмелетке толмаған қыздарға қырындаған

Апелляциялық сатыда қандай шешім шықты?

Іс апелляциялық алқаға жәбірленуші және қорғау тарабының шағымдары, прокурордың өтініш-хаты бойынша түсті. Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, Ибрагимовтің қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, сот-дәрігерлік сараптама қорытындысымен дәлелденді деген тұжырымға келді.

«Алқа «кінәлі адамға көрінеу белгілі материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты» саралау белгісі дұрыс тағылмаған деп шешті. Жәбірленушінің сотталған адамға материалдық тәуелділігі туралы дәлел ұсынылмады. Жәбірленуші кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны, оның шотына ақша түскені туралы құжаттар ұсынылды. Осыған байланысты Ибрагимовтің әрекеті Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды. Оған 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды (2 415 000 теңге)», — деп жазылған Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұған дейін не болды?

Еске салайық, бұған дейін Атырау қаласының тұрғыны Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, оған қоса сол кезде Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметін атқарған Ринат Ибрагимовқа қатысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, бұрынғы күйеуі 11 жыл бойы ұрып-соққан, балаларын тартып алған.

Кейінірек шенеуніктің өзі бұрынғы әйелінің айыптауларына жауап берді.

Сондай-ақ Ринат Ибрагимов Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті. Әкімдік жағдайды шенеунік «өз еркімен қызметінен кетті», — деп түсіндірді.

2024 жылы маусымда осы іс бойынша сот шешімі шықты. Сол кезде сот үкімімен бұрынғы шенеунікке 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің 20 миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, И.Р. жәбірленуші У.А-ның пайдасына 2 миллион теңге моральдық зиянды өтейтіні хабарланған еді.

Алдыңғы

Қазақстан мен Моңғолия өз ара құжаттарға құжаттарға қол қойды

Келесі

Азық-түлік дүкенінде ақша үнемдеудің жолдары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

29 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған