Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Депутат Нартай Аралбайұлы: “Үкімет легионерлерге 1 тиын бермейтін заңды қолдады“

7 месяца назад
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Цифровая грамотность и тренды блогинга: встреча в досуговым центре «Атамекен»

Цифрлық сауаттылық және блогинг трендтері: «Атамекен» демалыс орталығындағы кездесу

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан сүйінші сұрады.

«Дегенімізге жеттік! Легионерлерге 1 тиын бермейтін Заңдық нормамды Үкімет қолдады», — деп жазды ол жақсы жаңалығын бөлісіп. 

Депутаттың айтуынша, адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі де тоқтатылды. 180 спорт түрі қысқартылады. Тиісті норманы Үкімет қолдаған екен. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 49-бабы:

бірінші бөлігі: «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен  қаржыландыруды жүзеге асыруға тыйым салынады»;
 
екінші бөлігі: «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді» — деп жазылды.

Мәжіліс депутаты жазбасы арқылы өзіне қолдау көрсеткен халыққа алғысын жеткізді. Жазба арқылы заң тармақтарын бөлісіп, оны халыққа түсіндіргісі келетінін білдірді. 

«49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерінің 6-тармағы мынадай мазмұнда жазылады: «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде спорттың басым түрлері;
2) мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
3) бұқаралық спорт;
4) спорттық инфрақұрылымды дамыту», — деп жазды ол. 

Айта кетейік, жақында «Барыс» хоккей клубы барлық легионерлермен қош айтысқан болатын. 

Еске салайық, биыл мамыр айының соңында депутат Нартай Аралбайұлы мен Ринат Зайытов мәжілісте ашуға мінген еді. Олардың не себепті наразы болғанын сайтымыздың видеоматериалынан біле аласыз. 

Алдыңғы

“Енді маған ұрыспайсыздар“. Қарағанды әкімінің жазбасы жұртты күлдірді

Келесі

Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауға қатысты пікір білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

29 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған