Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Маңғыстауда экологиялық теңгерімді тұрақтандыру мақсатында сексеуіл өсіру сәтті жалғасуда

4 месяца назад
Маңғыстауда экологиялық теңгерімді тұрақтандыру мақсатында сексеуіл өсіру сәтті жалғасуда
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Маңғыстау облысында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыс белсенді жүзеге асуда. 2004 жылдан бері Сенек ауылында басталған құм тоқтату жұмыстары, кейіннен Ұштаған, Тұщықұдық және Шебір ауылдарында жалғасын тапты. Бұл жобалардың негізгі мақсаты – ауылдарды көшпелі құмнан қорғау, яғни сексеуіл өсіру арқылы экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру.

Деректерге жүгінсек, Ұштаған ауылында 2007, ал Тұщықұдықта 2012 жылдан, сондай-ақ Шебірде 2016 жылдан бері сексеуіл отырғызу жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, әр ауылда 2021 жылға дейін жалпы 3329 гектар жасыл белдеу пайда болған .

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Наше здоровье в наших руках!

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

— 2022 жылы бұл алқап Маңғыстау облысы әкімінің қаулысымен «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау» КММ-нің құрамына берілді. 2018 жылы Маңғыстау ауданының Жарма, Сазды және Сауысқан ауылдарында 134 гектар аумақты құм көшкінінен қорғау бойынша 6 жылдық жоба жасақталды. Жобаның бірінші кезеңінде 2022-2024 жылдар аралығында 60,34 гектар аумаққа 203 634 түп сексеуіл мен жүзгін ағаштары отырғызылды. Бұл кезеңнің шығымдылығы 85-90% құрады. Екінші кезеңде 2025-2027 жылдары қалған 73,74 гектар аумаққа 248 887 сексеуіл мен жүзгін ағаштарын отырғызу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалары негізінде, Бейнеу ауданының Тәжен, Сыңғырлау, Сам, Тұрыш және Ақжігіт, Қарақия ауданының Сенек және Бостан, Маңғыстау ауданының Жармыш және Ақшымырау, Түпқараған ауданының Таушық елді мекендеріндегі қауіпті эолдық процестердің даму қаупін анықтау мақсатында жобалар әзірленді,- деп атап өтті Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасар Хайдар Тулеушов.

Жергілікті бюджеттен 72,5 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Жоба 2025-2032 жылдар аралығында жүзеге асырылатын болады. Жалпы 10 ауыл бойынша жобаның құны 2 968,0 млн. теңгені құрайды.

Қорытындылай кетсек, 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен аталған ауылдардың шөлейттенуіне қарсы сексеуіл өсіру жұмыстары жалғасады. Бұл шаралар экологиялық ахуалды жақсартуға, жердің құнарлылығын арттыруға және ауыл тұрғындарының өмір сапасын көтеруге бағытталған. Маңғыстау облысында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар тек экологияны қорғап қана қоймай, сонымен қатар ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын да жақсартуға ықпал ететін болады.

Алдыңғы

Нұрдәулет Қилыбай Астанада швейцариялық инвесторлармен кездесті

Келесі

Маңғыстау облысында су жаңа 20 заманауи жолаушылар автобусы ел игілігіне берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Наше здоровье в наших руках!

Наше здоровье в наших руках!

9 июня, 2025
Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

6 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған