Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

«Назарбаевтың кезіндегідей жазадан құтылмайды». Депутат Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді

9 месяца назад
«Назарбаевтың кезіндегідей жазадан құтылмайды». Депутат Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың жазасы жеңіл болмайтынын айтты, — деп хабарлайды qulaq.kz тілшісі.

«Бұл іс ел ауқымынан шығып, Washington Post, Al Jazeera секілді алпауыт медиаларда айтылды. Бұған дейін Парламент мінберінен бірнеше рет судьяларға, сот жүйесіне қатысты сын айтқан едім. Қазір ескі Қазақстанның сарқыншақтары жойылып, Президент тапсырмасына сәйкес ашықтық қалыптасып келе жатқанына куә болып отырмыз», – деді Құспан.

Ол Бишімбаев ісі халықтың құқықтық сауатын арттырып жатқанын айтады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

«Енді азаматтар сот отырысы қалай өтетінін, қорғаушылардың міндетін, сот пен прокурордың қалай жұмыс істейтінін үйренеді. Мұның бәрі, әлбетте, оң өзгерістер. Ең бастысы осы арқылы қоғамның сот жүйесіне, оның әділдігіне сенімі арта бастады. Ашық өткен процесте біреу-міреуді сатып алу мүмкін емес. Бұл іс — бүкіл халықтың назарын аударған алғашқы сот отырысы. Алматыда автобус жүргізушісін ұрған адамға қатысты сот отырысы да тікелей эфирде көпшілікке көрсетілді. Сонымен қатар, Қарағандыда жедел-жәрдем көлігі жүргізушісін ұрған адамға қатысты іс те онлайн көрсетілді. Ескі Қазақстанда сот отырыстары жабық өтіп, кім нені қарап жатқаны, істі қалай саралап жатқан белгісіз болатын», — деді ол.

Абзал Құспанның сөзінше, енді шенеуніктер бұрынғыдай соттан жеңіл құтылмайды.

«Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың сотталып, кейін босап шығуы да осы себепті еді. Кім Назарбаевқа жақын болды, не кешірім сұрады — сол жазадан оңай құтылатын. Қазір бұлай жасау мүмкін емес. Сот отырысын тікелей эфирден көрсету арқылы, оған алқабилерді қатыстыру арқылы сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп отыр. Әрине, бұл бағытта атқаратын жұмыс жетерлік. Сот жүйесіне, алқабилерге қатысты заң жобаларын әлі де жетілдіру керек. Бірақ ең бастысы, сең қозғалды. Енді оны тоқтату мүмкін емес!», — деді Мәжіліс депутаты.

Алдыңғы

«40 күн бойы 50 градусқа дейін ыстық болады»: синоптиктер WhatsApp-та тараған ақпаратқа пікір білдірді

Келесі

Оглашен приговор по делу о нападении на водителя скорой в Караганде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

29 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған