Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Нұрдәулет Қилыбай Астанада швейцариялық инвесторлармен кездесті

4 месяца назад
Нұрдәулет Қилыбай Астанада швейцариялық инвесторлармен кездесті
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

12 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Астана қаласында швейцариялық «Swiss Choice Holding» компаниясының өкілдерімен кездесті. Олар Түпқараған ауданында бекіре балығын өсіріп, уылдырық өндіруге бағытталған «Red Pearl» балық фермасы инвестициялық жобасының жүзеге асырылу барысын талқылады.

Каспий теңізі жағалауында жылына 100 тоннадан 600 тоннаға дейін бекіре тұқымдас балық өсіріп, 100 тонна уылдырық өндіруді көздейтін жобаға әкімдік тарапынан грант арқылы 56 гектар жер бөлінді. Жалпы құны 5,7 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаның құрылысы 2025 жылдың бірінші тоқсанында басталып, 2026 жылдары пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бірінші кезеңде 100 тонна бекіре өсіру көзделген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Наше здоровье в наших руках!

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Құрылыс жұмыстары басталған соң, 30-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын өз өнімдерін ішкі нарыққа шығарып, шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

Нұрдәулет Қилыбай кездесуде бұл жобаның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін атап өтіп, әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыруды және инвестиция тартуды күшейтуді тапсырды. Біз осы бағытта өңірде түрлі жобаларды жүзеге асыруға ниеттіміз. Бүгін талқылаған бекіре өсіру және уылдырық өндіру саласындағы бұл инвестициялық жоба өңіріміз үшін үлкен маңызға ие. Біз жобаның табысты іске асырылуына заң аясында жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда

Келесі

Маңғыстауда экологиялық теңгерімді тұрақтандыру мақсатында сексеуіл өсіру сәтті жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Наше здоровье в наших руках!

Наше здоровье в наших руках!

9 июня, 2025
Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

6 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған