Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Оқу-ағарту министрлігі балаларды отбасылардан тартып алу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

9 месяца назад
Оқу-ағарту министрлігі балаларды отбасылардан тартып алу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдар балаларды ата-аналарынан тартып ала алады деген жалған ақпарат тарады. Бұл жаңа заңнамалық нормалар қабылданғанда мүмкін болады екен. Оқу-ағарту министрлігі бұл дерекке қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды qulaq.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

«Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік органдарға балаларды тартып алуға мүмкіндік беретін нормалар жоқ. Барлық заңдар баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және баланың өміріне немесе денсаулығына нақты қауіп төнген жағдайда ғана шаралар қабылдануы мүмкін», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова атап өткендей, мемлекеттің саясаты отбасыларды сақтауға және ата-аналардың тәрбиелік күш-жігерін қолдауға бағытталған.

«Балаларды қорғау органдарының басты міндеті − әр баланың барынша туған отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету. Өкінішке қарай, балалардың қатыгездікке ұшырауы немесе олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қауіп төндіретін жағдайларда өмір сүруі сияқты көптеген фактілер бар. Балаға тікелей қауіп төнген жағдайда ғана балалар мекемелерінде уақытша орналастыру шаралары қабылдануы мүмкін. Әрбір жағдайды Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, прокуратура, ішкі істер органдары, Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл бақылайды және мұқият тексереді», – деді Насымжан Оспанова.

16 маусымнан бастап Президент 2023 жылғы қыркүйектегі жолдауында бастамашылық еткен «Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігі туралы» Заң күшіне енеді. Бұл Заңда отбасылар мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құруға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуға, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен буллингтің құрбандарына және куәгерлеріне көмек көрсетуге бағытталған 70-тен астам түзету бар.

Алдыңғы

Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті: мамандар мәселеге қатысты пікір білдірді

Келесі

«40 күн бойы 50 градусқа дейін ыстық болады»: синоптиктер WhatsApp-та тараған ақпаратқа пікір білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

29 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған