Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Отставкадағы полковниктер жастарға жол көрсетті

4 месяца назад
Отставкадағы полковниктер жастарға жол көрсетті
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

ҚР Президенті Әкімшілігінің бастамасы, ІІМ-нің қолдауы аясында аға буын мен өскелең ұрпақ сабақтастығын нығайту бағытында шаралар үздіксіз атқарылуда. Соның бірі Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен облыс орталығындағы №28 мектеп-лицейінде өтті.
«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-үлгі» атты кездесу кешіне батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, абыроймен зейнетке шыққан отставкадағы полиция полковниктері Еңбек және Ұлы Отан соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Есалы Нұржанов, ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, Түркістан қалалық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Батырхан Сансызбаевтар арнайы қатысты. Іс-шара барысында мейірімділік, өзара қолдау мәдениеті, жастар арасында жанашырлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ айналасындағы азаматтарға қамқорлық пен көмек көрсетуге бағытталған сұқбат өрбіді. Мектеп оқушылары «Құқық қорғау органдарының негізгі міндеттері қандай, жастардың заңға бағыну мәдениеті мен патриотизмді дамытуға не істеу қажет сынды сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибемен келген нақты жауаптар ала алды. Одан бөлек қылмыскерді құрықтау барысында шолақ мылтықтан ауыр жарақаттанып, осы іс-әрекеті жоғары бағаланып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған Түркістан облысы ІІО мен ҰҰ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаевтың қысқаша өмір тарихы баяндалатын фильм көрсетілді. Бастауыш сынып оқушылары «Қазақ елім,байтағым» тақырыбында хормен ән шырқаса, «Жас сақшы» сыныбының оқушылары қонақтармен бірге Халық қаһарманы атанған Ғазиз Байтосавтың атына ашылған кинозалға жиналып, патриоттық жанрдағы бейнероликтер тамашалады, сұқбаттасты. Келелі кездесу соңында мектеп басшылығы мен оқушылар зейнет жасындағы полицейлерге өмірлік тәжірибе мен құнды кеңестері үшін алғыстарын жеткізді. Естелікке суретке түсіп, екі тарап бір-біріне кәдесыйлар үлестірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Наше здоровье в наших руках!

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Алдыңғы

Полицейлер жас достарына кітап сыйлап, әдеби мұраларды құрметтеуге шақырды

Келесі

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Наше здоровье в наших руках!

Наше здоровье в наших руках!

9 июня, 2025
Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

6 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған