Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Қорғаныс министрлігі мүгедек болып қалған сарбазға қатысты пікір білдірді

9 месяца назад
Қорғаныс министрлігі мүгедек болып қалған сарбазға қатысты пікір білдірді
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Қорғаныс министрлігі басынан жарақат алып, мүгедек болып қалған сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды qulaq.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарған. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Yandex Qazaqstan Қазақстанда LED — экраны және жаңартылған эмоционалды Алисасы бар Лайт 2 жаңа станциясын таныстырды

“Сезон“ келді: Алматыда пәтер жалдау бағасы қанша болып жатыр?

«Мерзімді қызметтің сарбаздары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет өткеретінін хабарлаймыз. Қорғаныс министрлігі аталған күштік құрылымдардағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды.

Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылады. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және ҚР Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз», — дейді министрліктегілер. 

Еске салайық, бұған дейін сарбаз Ербаян Мұхтар жайлы жазған едік. Желіде сарбазға қатысты жантүршігерлік видео тарады. Роликте ол әскерге өз еркімен кетіп, артынша ауруханада ауыр хәлде жатқаны көрсетіледі. Сарбаз алты айдан бері комада жатыр. 

Ербаян Мұхтар әскерде басынан жарақат алған. Қазіргі таңда ол өз күшімен тамақтана алмайды және сөйлей алмайды. 

Ұлттық ұлан бұл дерекке қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

«Қатардағы жауынгер Мұхтардың басынан соққы алуына байланысты Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қажет сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеу әлі де жүріп жатыр. Тергеу барысы ІІМ басшылығының жеке бақылауында», — делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, реабилитациялық емнен кейін Ербаянның ата-анасының сұрауы бойынша сарбаз үйіне жіберілген. Қазіргі таңда сарбазға мүгедектік рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. 

Кеше қазақстандықтар сарбаздың еміне 140 миллионға жуық ақша жинап берген. 

«Ербаянның ата-анасы көзіне жас алды, бүкіл команда қолдауларыңызға алғыс айтады. Шыны керек, айтарға сөзіміз жоқ», — делінген жазбада. 

Алдыңғы

Әйелдердің денсаулығына пайдалы 7 өнім

Келесі

«Ер жігітке тән әрекет жасауы керек». Жанар Өтешева ҰОК құрамынан шеттетілуіне қатысты пікір білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

29 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған