Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Қызылордалық оқушы секс-құлдықта болған: министр Бейсембаев пікір білдірді

9 месяца назад
Қызылордалық оқушы секс-құлдықта болған: министр Бейсембаев пікір білдірді

rape and sexual abuse concept, Stop sexual harassment and violence against women, The concept of stopping violence against women and rape. International Women's Day

Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қызылордалық оқушының ісіне қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді, — деп хабарлайды qulaq.kz тілшісі.

Министр өз мәлімдемесінде тергеу жалғасып жатқанын алға тартып, халықты өз бетінше қорытынды жасамауға шақырды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Yandex Qazaqstan Қазақстанда LED — экраны және жаңартылған эмоционалды Алисасы бар Лайт 2 жаңа станциясын таныстырды

“Сезон“ келді: Алматыда пәтер жалдау бағасы қанша болып жатыр?

«Бұл сұрақ менің бақылауымда. Мен облыс басшылығымен жағдайды талқыладым. Тергеу әлі аяқталған жоқ және біз шыдамды болуымыз керек. Желіде пайда болған кейбір ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын тергеудің аяқталуын күтейік. Менің ойымша, асықпау керек, өйткені әрбір ақпараттың артында адамның тағдыры тұр. Тексерілмеген дерекке сүйеніп, асығыс шешім қабылдасақ, біз біреудің өмірін құртуымыз мүмкін», — деді Ғани Бейсембаев.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова да мерзімінен бұрын қорытынды жасау дұрыс емес деп есептейді. Ол барлық қатысушы органдар қажетті шараларды қабылдау үшін бұл істі мұқият зерттейтінін атап өтті.

«Өкінішке қарай, мен қазір бұл жағдайға егжей-тегжейлі түсініктеме бере алмаймын, әйтпесе ол тарап кетеді. Қылмыстық іс қозғалды және ол Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның бақылауында. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де аймақтық комиссарлар сияқты бұл процеске белсенді қатысады. Біз бұл істі мұқият зерттеп, білім беру ұйымдары үшін де, отбасы үшін де, басқа да мемлекеттік органдар үшін, соның ішінде полиция, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау департаменттері үшін қорытынды жасап, шара қабылдаймыз. Бұл мәселе енді ғана зерттеле бастады», — деп жауап берді Насымжан Оспанова.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тараған еді. 

«Немолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі 16 жастағы оқушыны сыныптастары ақпаннан бастап туыстарымен жезөкшелікке сатқанын, қыз — бір үйдің жалғызы екенін мәлімдеді.

«Ол ақпаннан бастап жоғалып кете бастаған, ата-анасы полицияға, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға іздеу үшін жүгінген, бірақ олар қызды іздемеген, ол аз болғандай ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан, қорыққан ата-ана қыздарын өздері іздеген», — деді ол.

«Немолчи» қорының жетекшісі ұсынған мәліметке сүйенсек, қыз ауық-ауық байланысқа шығып, видеомен хабарласып, кафеде даяшы немесе гүл сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтінін айтқан. Ата-анасы айтылған жерге барғанда, ол жақтағылар қыздың жай ғана видео түсіріп, кетіп қалғанын жеткізген. Қыздың сөзінше, ата-анасы шу шығармас үшін оны осылай жасауға мәжбүр еткен.

Артынша оқушы қыздың үйіне күзет қойылды. 

Алдыңғы

«Ер жігітке тән әрекет жасауы керек». Жанар Өтешева ҰОК құрамынан шеттетілуіне қатысты пікір білдірді

Келесі

«Елдос Сметов Қазақстанда қалмауы керек». Спорт журналисі Олимпиада чемпионына қатысты пікір білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

29 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған