Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Yandex Qazaqstan алғаш рет портативті ақылды станция мен ақылды үйді басқаруға арналған ең қолжетімді колонканы ұсынды

2 месяца назад
Yandex Qazaqstan алғаш рет портативті ақылды станция мен ақылды үйді басқаруға арналған ең қолжетімді колонканы ұсынды
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Қазақстанда қолжетімді Яндекс Qazaqstan ақылды колонкаларының қатары екі жаңа құрылғымен толықты. Станция Стрит — Алисамен жабдықталған алғашқы портативті колонка. Станция Мини 3 Про — ақылды үйді толыққанды басқаруға арналған ең қолжетімді шешім. Сатылым осы жылдың жазында басталады.

Станция Стрит

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Алисасы бар Стрит станциясын өзіңізбен бірге кез келген жерге — пикникке, саяхатқа немесе жаттығуға алып баруға болады. Құрылғы мобильді Wi-Fi нүктесіне қосылғанда 12 сағатқа дейін жұмыс істейді. Музыканы дауыспен басқару интернетсіз де жұмыс істейді. Ал егер колонканы смартфонға модем режимінде қоссақ, Алисаның барлық таныс функциялары қолжетімді болады.

Интернетсіз де Станция Стрит арқылы музыка тыңдау үшін колонканы смартфонға Bluetooth арқылы қосу жеткілікті. Тректерді басқару бұрынғыдай оңай — колонкаға «келесі», «дауысын көтер» немесе «тоқтат» деп айту жеткілікті, Алиса бұйрықты орындайды.

Станция Стриттің дыбысы ашық кеңістікте де, үй ішінде де кең әрі сапалы естілуі үшін арнайы реттелген. Қуаты 30 Вт — бұл екі динамик пен екі пассивті излучательдің (ішкі дыбыс қысымын терең басқа айналдыратын арнайы элементтер) арқасында жүзеге асады.

Станция Стрит қара және жасыл түстерде қолжетімді болады. Құрылғы IP67 стандарты бойынша шаң мен ылғалдан қорғалған.

Станция Мини 3 Про

Алисасы бар жаңа Станция Мини 3 Про — ақылды үйді басқаруға арналған толыққанды хаб бола алатын құрылғы. Ол Zigbee, Wi-Fi және Matter over Wi-Fi сияқты танымал протоколдарды қолдайды. Ішіне орнатылған Zigbee модулі колонканың интернетсіз де ақылды құрылғыларды басқаруына мүмкіндік береді. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек Yandex Qazaqstan-ның жоғарғы деңгейлі модельдерінде ғана болған. Енді пайдаланушылар ақылды үй құрылғыларын орыс және қазақ тілдерінде басқара алады.

Шағын көлеміне қарамастан, Станция Мини 3 Про кез келген бөлмеде терең бас дыбыспен сапалы дыбыс ұсынады. Бұл үшін колонка 18 Вт қуаттылықтағы динамикпен жабдықталған.

Жаңа колонканың басты ерекшеліктерінің бірі — оған сыртқы аккумулятор немесе климат модулін қосу мүмкіндігі. Олар арнайы бекіткіштің көмегімен корпуска жалғанады. Аккумулятормен колонка 7 сағатқа дейін үздіксіз музыка ойнай алады. Ал климат модулі бөлмедегі ауа сапасын бақылауға көмектеседі. Ол температура, ылғалдылық және CO₂ деңгейін өлшейтін датчиктермен жабдықталған.

Станция Стрит, Станция Мини 3 Про.

Yandex Qazaqstan — машиналық оқыту мен нейрожелілерге негізделген өнімдер мен сервистерді жасайтын технологиялық компания. Компания пайдаланушылардың өмірін жақсарту мен Қазақстандағы цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізумен айналысады. Бүгінде елде іздеу, қалалық, бұлтты және ойын-сауық сервистері жұмыс істейді. Сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобаларды да дамытып келеді.

Алдыңғы

Қазақ спорт және туризм академиясында халықаралық форум өтіп жатыр

Келесі

Полициядағы Абайтану: қызметкерлер Абай мұрасы туралы қалай тереңірек білді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

6 июня, 2025
Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

6 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған