Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Yandex Qazaqstan Алисамен жабдықталған алғашқы портативті ақылды колонканы ұсынды

7 дня назад
Yandex Qazaqstan Алисамен жабдықталған алғашқы портативті ақылды колонканы ұсынды
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Қазақстанда Алисамен жұмыс істейтін алғашқы портативті ақылды колонка — Стрит Станция сатылымға шықты. Жаңа колонка қуатты дыбысқа ие, тоқтаусыз 12 сағатқа дейін жұмыс істей алады, әрі ол шаң мен кірден қорғалған. Мұндай құрылғыны өзіңізбен бірге спорт алаңына, сапарға немесе табиғат аясындағы демалысқа оңай алып шығуыңызға болады. Жаңа өнімнің бағасы — 89 990 теңге.

Дауыспен Bluetooth арқылы басқару

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Стрит Станциясы кез келген Wi-Fi желісіне оңай қосылады, бірақ интернетсіз де жұмыс істей алады. Оны телефонға немесе планшетке Bluetooth арқылы қосып, музыка тыңдауға немесе дауыс командаларын беруге болады. Мысалы, ойын немесе даладағы жаттығу кезінде жай ғана «дальше», «громче» немесе «стоп» деп айту жеткілікті. “Алиса” активациялық сөзсіз орындалатын жедел командалар әзірше тек орыс тілінде ғана жұмыс істейді.[1] 

Қуатты дыбыс

Стрит Станциясында жалпы қуаты 30 Вт болатын екі динамик орнатылған. Колонка сыртта қолдануға арналған, әрі үй ішінде де оның дыбысы көлемді шығады. Ол қай жерде тұрғанын — үйде ме, далада ма — өзі анықтап, эквалайзер параметрлерін өзгертеді. Сондай-ақ, пайдаланушылар дыбыс режимін өздері таңдай алады: «Для помещения» немесе «Для улицы». Бұл функция тек қана орыс тілінде қолжетімді.

Ақылды колонка «Играй везде» режимін де қолдайды. Бұл режим екі колонкада бірдей плейлистті тыңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін екі Стрит Станциясын бір Wi-Fi желісіне және бір аккаунтқа қосып, «Алиса, играй везде» деп айту керек.

Үлкен аккумулятор

Жаңа Стрит Станциясы тоққа қосылмай 12 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Заряд деңгейін құрылғының корпусынан немесе «Дом с Алисой» қосымшасынан көруге болады. Сонымен қатар, жай ғана: «Алиса, какой процент заряда у Станции Стрит?» деп сұрауға болады — көмекші жауап беріп, құрылғының қанша сағатқа жететінін болжайды.

Практикалық ыңғайлылық

Стрит Станциясы қара және жасыл түстерде сатылады. Құрылғының берік корпусы және алып жүруге ыңғайлы алынбалы бауы бар — оны қолға ұстауға, рюкзакқа ілуге немесе спорт алаңына қоюға болады. Құрылғы IP67 стандарты бойынша шаң мен ылғалдан қорғалған. Бұл дегеніміз — колонкаға шаң кірмейді және қысқа уақыт суда болуы мүмкін. Егер қосқышқа ылғал түссе, Алиса оны құрғату қажет екенін ескертеді.

Стрит Станциясы қазір танымал электроника дүкендерінде сатылымға шықты: «Сулпак», «Алсер», «Мечта», «Технодом», «Мобил Плюс», сондай-ақ Алисаның фирмалық онлайн-дүкенінде қолжетімді.

Yandex Qazaqstan — машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартып және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазіргі таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс жасайды, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобаларды да дамытуда.

Алдыңғы

Қожа Ахмет Ясауи мұрасының ұлттық рухани жаңғыру үдерісіндегі өзектілігі

Келесі

Алмалы комьюнити-орталығында “Комплаенс ғаламы: Қаржы әлемінің суперқаһармандары” атты Meet-up өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

Алматылық балаларға тегін көрсетіліп жатқан медициналық көмек жайлы

2 июня, 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

29 мая, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған