Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Жамбыл облысында биыл 20 елді мекенге ауыз су тарту жұмыстары жүзеге асады

3 месяца назад
Жамбыл облысында биыл 20 елді мекенге ауыз су тарту жұмыстары жүзеге асады
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі талқыланды.

Бұл бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов баяндама жасады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Жамбыл облысында 4 қала мен 367 ауылдық елді мекен бар.

Жыл басында ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен қалаларда 98 пайызды (523,7 мың адам), ауылдық елді мекендерде 97,8 пайызды (676,9 мың адам) құрады.

Бүгінде тіршілік нәрімен қамтамасыз етілмеген 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу қалаларындағы 9 тұрғын алқап қалып отыр.

Биыл 20 елді мекенге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу, сондай-ақ халық саны аз болуына байланысты Мойынқұм, Меркі, Қордай аудандарына қарасты 4 ауылға жергілікті бюджет есебінен кешенді блок модуль орнату жоспарланған.

9 тұрғын алқапты орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін барлық елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылуы тиіс. Осыған орай бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажет, – деген Ербол Қарашөкеев Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне ауыз су жобаларының мерзімінде әрі сапалы аяқталуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Жобалардың құжаттары мен қаржыландыру мәселесі де дер кезінде шешілуі қажет екенін ескертті.

Бұдан бөлек, басқосуда орындаушылық тәртіп, облыс әкімінің Талас ауданы халқымен кездесуде және жеке қабылдауда жауаптыларға берген тапсырмаларының орындалу барысы сараланды.

Алдыңғы

Таразда 160 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Келесі

Changan Auto: новый этап в развитии автомобильной индустрии Казахстана

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

6 июня, 2025
Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

6 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған