Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

ЖЕТІСУЛЫҚ ДӘРІГЕР ҰШАҚТА ЖОЛАУШЫНЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

4 месяца назад
Врач из Жетысу спас человека в самолете из Мекки
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Сауд Арабиясындағы қажылықтан елге оралып келе жатқан ұшақта павлодарлық азаматтың денсаулығы күрт нашарлап, аллергиялық ауру пайда болған. Ол тұмауға қарсы препаратты қабылдап, ұйықтап кеткен. Араға бір сағат салып, бет-аузы ісіп оянған.
Бортсерік қыз ұшақ ішіндегі жолаушыларға шұғыл дәрігер қажет екенін хабарлаған. Дәл сол уақытта ұшақта болған Жетісу облысының дәрігері Жаннұр Сырымов науқасқа бірден алғашқы көмек көрсетуді бастап кеткен.
Жолаушы Мұрат Иманғазиновтың айтуынша, бұл уақытта шамамен Қап тауларының үстінде ұшып келе жатқан.

  • Экипаж шұғыл жағдай болса, ұшақты жақын маңдағы әуежайдың біріне қондырамыз деген шешім қабылдаған. Бірақ Жаннұр Мәуленұлы өз ісінің кәсіби маманы екенін айтып, аман-есен жеткізді. Өміріме араша түскен абзал жанға шексіз ризашылығымды айтқым келеді, — дейді Мұрат Иманғазинов.

Жаннұр Сырымов бүгінде Жетісу облысы, Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады. Сол сапарында Меккеге мүгедек әкесін қажылыққа апарып, қайтып келе жатқан беті екен.
«Науқасқа өмірімде әуеде медциналық көмек көрсетем деген ой болмапты. Әкеме үнемі ем-дом жасап жүретіндіктен, жанымда дәрі-дәрмек қобдишасын ұстайтынмын. Бортсерік қыздың хабарлауынан соң науқас ағаның жанына жедел барып қарасам, көзінің айналасы мен беті ісіне бастаған. Мұны медицина тілінде «Квинке ісінуі» деп атайды. Егер 15-20 минут ішінде адамға медициналық көмек көрсетілмесе, өліп кетуі ықтимал. Бірден «Аллергопресс» және «Преднизолон» препараттарын ектім. Одан соң қан қысымын өлшеп, тілінің астына таблетка салдым. Система салуды да бастап кеттім», — деді Жаннұр Сырымов.
Жаннұр Мауленұлы медицина саласындағы алғашқы қызметін санитарлық фельдшер болып бастаған. Көксу ауданындағы қызметіне дейін Алматыдағы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бүйрек трансплантологиясы, урология және экстракорпоралды детоксикация бөлімшесінің меңгерушісі, Талдықорған қаласында аурухана басшысының орынбасары болып еңбек еткен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен

Наше здоровье в наших руках!

Айта кетейік, Жаннұр Мәуленұлының жары да медицина саласында, сәулелік диагностика дәрігері болып жұмыс істейді. Ерлі-зайыптылар шаңырағында 5 баланы өсіріп, көпбалалы әрі үлгілі отбасы атанып отыр. Сырымовтар отбасы 2023 жылы Жетісу облыстық «Көшбасшы» байқауында «Үздік жас отбасы» номинациясын иеленген.

Алдыңғы

Врач из Жетысу спас человека в самолете из Мекки

Келесі

ПОЛИЦЕЙЛЕР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚТАН ҮЛКЕН ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен

10 июня, 2025
Наше здоровье в наших руках!

Наше здоровье в наших руках!

9 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған