Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

ҰБТ-сыз грант кімдерге беріледі?

6 месяца назад
ҰБТ-сыз грант кімдерге беріледі?
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Беделді халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына ҰБТ-сыз университетке түсуге грант беріледі

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Қазақстанда «коучинг» эпидемиясы: не білу керек?

Оралдық блогер кәмелетке толмаған қыздарға қырындаған

Аймағамбетовтің айтуынша, бұл заң аясында бірқатар мәселе шешілмек:

  • Біріншіден, дарынды оқушыларды қолдау.

Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына 5 миллион теңге шамасында үстемақы және конкурссыз университетке түсу үшін грант беріле бастады.

«Бұл шынымен де үлкен қолдау болды. Алайда бұл шаралармен тек халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары қамтылған еді. Ал халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары назардан тыс қалды. Бүгінгі таңда біздің оқушылар робототехника және басқа да ғылыми жарыстардан әлем чемпионаттарында жоғары жетістіктерге жетіп жатыр. Осыған байланысты дарынды балаларды қолдау үшін заң жобасында ең беделді халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына ҰБТ-сыз университетке түсуге грант беру ұсынылды», — деді депутат.

  • Екіншіден, «Болашақ» халықаралық стипендиясын кеңейту.

Қазір «Болашақ» бағдарламасы аясында магистратура мен докторантура деңгейлерінде ғана білім алуға болады.

«Жаңа заң жобасы бакалавриат деңгейінде де оқу мүмкіндігін беруді қарастырады. Бірақ бұл мүмкіндік тек халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда жеңіске жеткен дарынды балаларға арналған. Бұл өте қажет қадам. Өйткені әлемдік деңгейдегі жарыстарда жеңіске жеткен оқушыларға шетел университеттері өз гранттарын беріп, біразы сонда қалып, осылайша біз оларды жай ғана «жоғалтып жатырмыз».

Енді бұл балалар мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып, ең үздік университеттерде «Болашақпен» білім алып, елімізге қайтып, Қазақстанның дамуы үшін жұмыс істейді», — деді ол.

  • Үшіншіден, мемлекеттік тілдің қолданысын біріздендіру.

Заң жобасында мемлекеттік тілдің цифрлық ұлттық сөздік қорын жасау, Ұлттық тіл корпусы туралы арнайы нормалар енгізілген.

«Бұл нормалар мемлекеттік тілді жасанды интеллектінің күшімен дамытуды көздейді. Chat GPT бар, «Алиса» бар, осының бәрі қазақ тілінде жақсы жұмыс істеуі үшін де біріздендірілген сөздік қоры, яғни тілдік ақпараттық жүйе керек. Қысқасы, адамзат цифрлық әлемде өмір сүріп жатқандықтан, қазақ тілінің де цифрлық сөздік қоры керек. Цифрлық сөздік қорды жасау және оны қолжетімді қылу жасанды интеллектіні қазақша сапалы сөйлетуге ықпал етеді. Жасанды интеллектіні сөйлету, тек бар сөздерді құя салумен шектелмейді, ол күрделі процесс», — деді депутат.

Алдыңғы

Оғаш қылығы үшін жұмыстан шыққандар дипломатиялық қызметке қайта орала алады

Келесі

Компьютерде жұмыс істегеннен кейін қолыңыз ауыра ма? Оның 3 себебі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматы волонтерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Волонтёры Алматы провели субботник в рамках акции «Таза Қазақстан»

4 июня, 2025
Алматы волонтерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Алматы волонтерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

4 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған