Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

16 часа назад
Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын бастады. Оның ашылуы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтауға және олардың антибиотиктерге сезімталдығын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл дәл диагноз қою мен тиімді ем тағайындауда ерекше маңызға ие.

Зертхананың салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлейменов Ержан Әбілхасымұлы қатысты. Ол аурухана ұжымын құттықтай отырып, заманауи зертханалық қызметті дамыту өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Алматинской области начинается прием профильных специалистов

«Бүгінде жұқпалы аурулармен күресу сапалы зертханалық диагностикасыз мүмкін емес. Әсіресе микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігін дер кезінде анықтау өте маңызды, өйткені бұл дәрігерлерге ең тиімді емді таңдауға мүмкіндік береді. Осындай зертхананың ашылуы – облыс тұрғындарының денсаулығына салынған инвестиция, медициналық көмектің сапасын арттыру және өңірдің эпидемиологиялық қауіпсіздігін нығайту», – деді Ержан Әбілхасымұлы.

Аурухана директоры Ракишева Айман Галимжанқызының айтуынша, жаңа зертхана медициналық қызметтің маңызды диагностикалық буынына айналады.

«Бұл біз үшін жай ғана жаңа бөлімшенің ашылуы емес, сапалы жаңа кезеңге қадам басу. Заманауи жабдықтар мен білікті мамандардың арқасында жұқпалы ауруларды диагностикалау деңгейін едәуір арттырып, зерттеу нәтижелерін алу уақытын қысқартып, дәрігерлерді клиникалық шешім қабылдауға қажетті нақты мәліметтермен қамтамасыз ете аламыз. Бұл, ең алдымен, пациенттеріміздің қауіпсіз әрі тиімді ем алуына мүмкіндік береді», – деді Айман Галимжанқызы.

Зертхана Шеңгелді ауылында орналасқанымен, пациенттердің ол жерге баруына қажеттілік жоқ. Биологиялық материалдар Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында алынады. Кейін олар күн сайын арнайы талаптар мен температуралық режим сақтала отырып зертханаға жеткізіледі.

Зертханада микроорганизмдерді сәйкестендіруге және олардың бактерияға қарсы препараттарға сезімталдығын анықтауға арналған BD Phoenix M50 (Becton Dickinson, АҚШ) автоматтандырылған жүйесі орнатылған.

Қазіргі таңда зертханада Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында арнайы даярлықтан өткен бес маман қызмет атқарады.

Жаңа зертхананың ашылуы антибиотиктерге төзімділіктің артуы жағдайында ерекше маңызға ие. Зерттеу нәтижелері дәрігерге емдеу тактикасын дер кезінде түзетіп, нақты қоздырғыштың сезімталдығына сәйкес ең тиімді бактерияға қарсы препаратты таңдауға мүмкіндік береді.

Зертхананың жұмысы цифрлық жүйемен біріктіріледі. Зертханалық ақпараттық жүйені (LIS) Damumed және Smart Lab платформаларымен интеграциялау қарастырылған. Бұл зерттеу нәтижелерін медицина мамандарына жедел жеткізуге мүмкіндік береді.

Медициналық көрсетілімдер бойынша зерттеулер ТМККК және МӘМС аясында жүргізіледі. Сонымен қатар бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы зерттеу қызметтері де көрсетіледі.

Бактериологиялық зертхананың ашылуы – тек заманауи жабдықтарды іске қосу ғана емес, сонымен қатар Қонаев қаласының медициналық инфрақұрылымын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру және тәжірибелік медицинаға озық диагностикалық технологияларды енгізу жолындағы маңызды қадам.

Алдыңғы

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

4 сентября, 2026
Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

4 сентября, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған