Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Компьютерде жұмыс істегеннен кейін қолыңыз ауыра ма? Оның 3 себебі

6 месяца назад
Компьютерде жұмыс істегеннен кейін қолыңыз ауыра ма? Оның 3 себебі
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Кеңсе қызметкерлері жұмысқа байланысты пайда болатын құрғақ көз синдромынан бастап геморройға дейінгі түрлі аурулармен қиналады. Солардың бірі — білектің ауыруы. Ол неден пайда болады және бұл кезде не істеу керек? Бұл сұраққа травматолог-ортопед Игорь Козлов жауап берді, — деп хабарлайды Qulaq-24 тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Қолға ұзақ уақыт бойы күш түскенде және пернетақтамен және тышқанмен қайталанатын қозғалыстарды жасай берген кезде қолыңыз ауыруы және қандай да бір жағымсыздық туындауы мүмкін.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

2023 жылы 9,5 миллион данадан аса мүшеқап тегін таратылған

Коронавирус зертханада жасалған – АҚШ Конгресінің есебі

Білек каналының синдромы 

Білек каналының синдромы — жұмысы қолдың тұрақты монотонды қозғалысын қажет ететіндер арасында жиі кездесетін аурулардың бірі. Бұл программистер мен кеңсе қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар дизайнерлер, суретшілер, тіпті көлік жүргізушілеріне де қатысты. Бұл синдром 45-60 жастағы адамдар арасында жиі кездеседі және оған ерлерге қарағанда әйелдер көбірек шалдығады.

Қолға тұрақты күш түсу білек каналындағы орталық жүйкенің қысылып қалуына әкеледі. Ол сезімталдыққа жауап береді және бас бармақ, сұқ саусақ және ортаңғы саусақтың қозғалысына әсер береді. Сондай-ақ қолыңыз ұйып ауыруы мүмкін. Кей адамдар қолдың әлсіздігіне шағымданады. 

Не істеу керек? 

Мұндай кезде білек хирургіне қаралу керек. Жүйкеге жүктемені азайту үшін арнайы шина қолданылады. Оны түнде кию керек, сондықтан ұйықтап жатқанда қол дұрыс күйде жатады. Қатты ауырсыну мен қабыну болса, дәрігер инъекция тағайындауы мүмкін. Дәрілік терапия науқастың жағдайын жеңілдетеді және аурудың дамуын баяулатады. Алайда ерте ме, кеш пе, білек каналының синдромы хирургиялық емдеуді қажет етеді.

Де Кервен ауруы

Де Кервен ауруы — сіңірлердің қабынуы. Бұл жағдайда қабыну процесі бас бармақ аймағына әсер етеді. Әдетте бұл ауру бас бармақтың тұрақты қайталанатын немесе ерекше қозғалысының салдарынан пайда болады. Сіңірлер каналдың ішкі қабырғаларына үйкеле бастайды және біраз уақыттан кейін қабынады. Де Кервен ауруы көбінесе кеңсе қызметкерлері мен кәсіби спортшыларда кездеседі. Сонымен қатар нәрестені жиі қолына алып жүретін және оның басын бас бармағымен тірейтін жас аналарда да кездеседі.

Не істеу керек?

Де Кервен ауруының негізгі симптомы — бас бармақтың түбіндегі ауырсыну. Патологияның алғашқы белгілерінде бас бармаққа күш түсірмей, ауырып тұрған жерге суық басу керек. Егер симптом әлі де сақталса, хирургпен кеңесу керек. Маман диагноз қойып, емдеудің оңтайлы жолын ұсынады.

Бірінші білек-алақан буынының артрозы 

Артроз — бұл шеміршектің біртіндеп тозуымен бірге жүретін дегенеративті ауру. Білек-алақан буынындағы шеміршек құрылымдарының бұзылуы бас бармаққа шамадан тыс жүктеме түсіреді, сондай-ақ жүйелік аурулар — ревматоидты артрит және подагра ықпал етеді. Ол әдетте 40 жастан асқан әйелдерде кездеседі.

Не істеу керек?

Бекіткіштерді кию және симптомдарды жеңілдету үшін стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдау ерте кезеңдерде артроздың дамуын бәсеңдетуге көмектеседі. Артроздың асқынған түрі хирургиялық араласуды қажет етеді. 

Мұндай аурулардың қалай алдын аламыз?

Білек ауруларының алдын алудың ең тиімді шарасы — қолға түсетін жүктемені шектеу. Әрине, егер үнемі компьютерде жұмыс жасасаңыз, бұл факторды толығымен жоя алмайсыз. Десе де, бұл жағдайда, ең болмағанда ұзақ уақыт бойы қайталанатын әрекеттерді жасай бермеуге тырысыңыз. Ол үшін үзілістер жасау қажет: білекке және саусаққа жаттығу жасаңыз.
 
Сондай-ақ эргономикалық пернетақталар мен тышқандарды пайдалануға болады. Егер ауырсыну пайда болса, дереу білек хирургына барған дұрыс. Дұрыс диагноз қойып, емдеуді неғұрлым ерте бастасаңыз, асқыну қаупі соғұрлым төмен болады. 

Алдыңғы

ҰБТ-сыз грант кімдерге беріледі?

Келесі

“Қазпошта“ басшысы заттар жоғалатынын мойындады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматы волонтерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Волонтёры Алматы провели субботник в рамках акции «Таза Қазақстан»

4 июня, 2025
Алматы волонтерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Алматы волонтерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

4 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған