Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Шерзат ісін зерттеуге белгілі заңгерлер кірісті

1 год назад
Шерзат ісін зерттеуге белгілі заңгерлер кірісті
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Полатовтар әулетінің ісін зерттеуге елімізге белгілі заңгерлер кірісті

Мәжіліс депутаттары, заң саласының белгілі мамандары Абзал Құспан мен Үнзила Шапақ Алматы облысына арнайы барып, іспен танысып қайтқан. Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Қазақстанда «коучинг» эпидемиясы: не білу керек?

Оралдық блогер кәмелетке толмаған қыздарға қырындаған

«Әлеуметтік желілерде әртүрлі ақпараттардың таралуына байланысты, көп жағдайда тексерілмеген, эмоцияға толы жазбалар мен бейнеүндеулерге назар аударылуда. Осыған байланысты әріптесім, депутат, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақпен бірге орын алған оқиғаның мән-жайымен жете танысу үшін арнайы Алматы облысына бардық. Істің барысын зерделеу мақсатында Алматы облысы прокуроры Берік Абызбайұлымен, Облыстың Полиция департаментінің басшысы Мейрам Жұмкенұлымен жолықтық. Мен, заңгер ретінде, бұл ауыр жағдайларды құқықтық тұрғыда қарастырудың маңыздылығын атап өткім келеді. Мұндай істерде қоғам тарапынан жасалған қысым тергеу амалдарының объективті әрі жан-жақты жүргізілуіне кері әсерін тигізуі мүмкін», — деді ол. 

170 адамнан жауап алынып, 40 сараптама тағайындалды

Абзал Құспанның жазуынша, Шерзаттың ағасының өліміне қатысты сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр. 

«Прокуратураның ресми ақпаратына сәйкес, қасақана кісі өлтіру күдігімен 11 адам адам ұсталғаны белгілі. Қазіргі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы іс бойынша 170 астам куәгерлерден жауап алынып, 40 жуық сараптама тағайындалып, жан-жақты тергеліп жатыр.  Сонымен қатар, Шерзат Полаттың ағасы Н. Ғайыпбаевтың өлімі де Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бақылауында екенін атап өткен жөн. Ол бойынша сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде»,-деп мәлімдеді заңгер. 


Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда жантүршігерлік қылмыс болды. Қолында пышақ пен қаруы бар бір топ жігіт 16 жастағы Шерзат, әкесі мен ағасына шабуыл жасаған. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Куәгерлердің сөзінше, үй тұтас өртеніп кеткен. 9 желтоқсан таңертең Алматы облысының полициясы Талғар қаласы маңынан Шерзаттың немере ағасы 30 жастағы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесін тапты. 

@qulaq_24.kz#хочуврек#шерзат♬ оригинальный звук — Qulaq-24.kz

Алдыңғы

Депутат Ардақ Назаров Түркістанда арақ сатпауды ұсынды

Келесі

Қыста көлікті қалай жүргізу керек? Сарапшы кеңесі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

11 марта, 2026
Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

11 марта, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған