Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

«АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АКСЕЛЕРАТОРЫ» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

2 года назад
«АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АКСЕЛЕРАТОРЫ» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Алматы қаласының жастар ұйымдарының акселераторы» жобасының қорытынды дөңгелек үстелі өтті.

Жоба Алматы қаласында жастар саясаты саласын дамытудың стратегиялық қадамдарын әзірлеу мақсатында тиімді, сапалы және нәтижелі топтық талқылауларды ұйымдастыруға бағытталды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

Дөңгелек үстелге Алматы қаласындағы жастар ұйымдарының басшылары мен өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, жас мамандар, семинар қатысушылары мен студенттер жиналды. Іс-шара барысында жоба қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.

Жоба қатысушылары мен спикерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жастар ұйымдарының тұрақты дамуы мен тиімділігін арттыруға бағытталған түрлі мәселелерді талқылады.

 «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Қуандық Жасұлан Бостандықұлы жобаның маңыздылығына тоқталып, жоба барысынды өткізілген оқыту курстары туралы ақпаратпен бөлісті:

«Алматы қаласы жастар ұйымдарының акселераторы жобасы аясында арнайы академия құрылып, 400-дей жас оқыту курстарынан өтті. Академия аясынды  ҮЕҰ құқықтық аспектілері, ҮЕҰ арналған гранттар және оларды жүзеге асыру, есеп тапсыру, жобаларды басқару тақырыптарында оқыту курстары ұйымдастырылып, білікті сарапшылар тартылды. Бұл курс өз қызметін жаңадан бастаған ҮЕҰ-ның өкілдері үшін өз пайдасын тигізді.»

Жоба қатысушысы Амина Темірханқызы жобаның тиімділігі туралы және жоба барысында қандай жетістікерге жеткенін атап көрсетті:

«Бұл жоба жеке дағдыларды, soft дағдыларды дамытуға көмектесті. Жоба қатысушыларға өздерінің жеке ұйымдарын құруға, қоғамдық жобалармен айналысуға бағыт-бағдар беріп, көптеген көмегін тигізді. Алматы қаласының жастар саясатын дамыту үшін ұйымдастырылған жобада қазан айынан бастап түрлі тақырыптарды, соның ішінде Фандрайзинг, қаржылық сауаттылық, Маркетинг және PR, Жобалық менеджмент сияқты  түрлі тақырыптарда оқыту курстарын өттік. Алған білімдердің бәрі сөзсіз пайдалы болды. Жоба басталғалы бері «Кітап оқу» клубының негізін қалаған болатынмын. Қазіргі таңда клуб өз қатарына жаңа оқырмандарды жинауда. Жоба барысында өткен «Маркетинг және PR» тақырыбындағы әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік желілерде танымал етудеміз.»

«Алматы қаласының жастар ұйымдарының акселераторы» жобасы жастарға өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, ұйымдардың жұмысын тиімді ұйымдастыруға және жаңа бастамаларды іске асыруға қолдау көрсетеді. Мұндай жобалар жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамытатыны сөзсіз.

          Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан бұл шара жастар саясаты саласын дамытудың стратегиялық қадамдарын әзірлеп, сапалы және нәтижелі топтық талқылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Алдыңғы

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Келесі

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ ПРОЕКТА «АКСЕЛЕРАТОР МОЛОДЕЖНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОРОДА АЛМАТЫ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

4 сентября, 2026
Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

4 сентября, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған