Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

ІІМ интернет алаяқтардан қалай сақтану керегін айтты

2 года назад
ІІМ интернет алаяқтардан қалай сақтану керегін айтты
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев қазақстандықтарға интернет алаяқтардан қалай сақтану керегін айтты, — деп хабарлайды Qulaq.kz тілшісі.

Оның сөзіне сенсек, елімізде алаяқтық дерегі көбейген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Осы Ресей газы Еуропаға неге Украина арқылы әлі тасымалданып жатыр?

Қазақстандықтар баюдың бір жолын қалт жіберіп алғанын біліп, бармағын тістеді

«Соңғы кезде алаяқтар мемлекеттік органдар мен ірі жеке ұйымдар басшыларының атынан жалған аккаунттар ашып, адамдарды алдау фактілері жиілеп кетті. «Құқық қорғау органдарының қызметкерлері» байланысқа шығып, олардың барлық талабын орындау қажет екенін айтады. Осындай манипуляциядан кейін алаяқтар азаматтардың атына несие рәсімдейді», — деді Шыңғыс Алекешев ІІМ-де өткен брифингте.

Ресми өкілдің айтуынша, қаскөйлер керек ақпаратты WhatsApp және тағы басқа мессенджерге «Туысыма дауыс беріңіз, сіз сыйлық ұтып алдыңыз» деген сілтемелерді жіберу арқылы алады. Адам сілтемеге өткеннен кейін, қылмыскерлер ұялы телефондағы контактілер тізіме ие болады.

«Мұндай қауіпті сілтемелерді алаяқтар онлайн ойындарда да пайдаланады. Телефонның бұғатталуы туралы хабарлама көрсетіп, ересектерден де, балалардан да ақша талап етуі мүмкін», — деді ол.

Шыңғыс Алекешев алаяқтардың құрбаны болмас үшін төмендегі ережелерді сақтауға кеңес берді:

  • Күдікті сілтемелерге өтпеңіз. Егер сіз сілтемені ашып қойған болсаңыз, мессенджеріңізге қосылған барлық құрылғыны өшіріңіз;
  • Бейтаныс абоненттерден түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз;
  • Банктер, брокерлік, инвестициялық компаниялар немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан жасалған нұсқауларды орындамаңыз. Есіңізде болсын, арнайы операция телефон арқылы жүргізілмейді;
  • Жеке ақпаратты, банк карталарының CVV-кодтарын, аударымдар туралы түбіртектерді, сондай-ақ, СМС-кодтар мен құпия сөздерді ешкімге бермеңіз;
  • Бөгде адамдардың өтініші бойынша телефоныңызға қандай да бір мобильді қосымшаларды орнатпаңыз;
  • Күмәнді инвестициялық жобаларға қаражат салмаңыз;
  • Мобильді қосымшаларды орнату үшін тек ресми AppStore және Play Market платформаларын пайдаланыңыз.
Алдыңғы

«Газ тапшылығы болуы мүмкін, оған Ресей көмекке келеді». Министрлік маңызды сауалдарға жауап берді

Келесі

Полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

11 марта, 2026
Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

11 марта, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған