Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Жамбыл облысында Жұмысшы мамандықтар жылы салтанатты түрде ашылды

3 месяца назад
Жамбыл облысында Жұмысшы мамандықтар жылы салтанатты түрде ашылды
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

​Жамбыл облысында «Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы өтті.

​«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өткен игі шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, басқарма басшылары, ЖОО-ның ректорлары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ірі кәсіпорын өкілдері, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

​- Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – еліміздің экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

​Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Қарапайым еңбегімен адал табысқа жетіп жүрген мамандарға құрмет көрсетуіміз керек, – деген облыс әкімі Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып өтті.

​Өңірде биыл 37 инвестициялық жоба қолға алынады. Соның арқасында 1 300-ден аса жаңа жұмыс орны құрылады десек, оның 91 пайызы жұмысшы мамандықтарына арналған.

​2025-2026 жылдары ІТ hub орталығын ашу, халықаралық салалық аккредиттеуден өту, кәсіпорындар мен мекемелердің сұранысына мақсатты білім беру тапсырысын ұлғайту, жаңа мамандық ашу жұмыстары жалғасын таппақ.

​Облыс аумағында 42 колледж бар, онда 28 мыңнан астам жас білім алуда.

​2022 жылдан бастап кәсіпорындардың нақты сұранысына сәйкес мақсатты кадр даярлау жұмыстары жалғасуда.

​Мемлекет тапсырысы бойынша оқитын студенттер қатары артып келеді: соңғы үш жылда білім алған 8 мыңнан астам түлектің 86 пайызы жұмыспен қамтылған.

​Өңірге қажетті әрі сұранысқа ие кәсіптерді анықтау мақсатында жаңа мамандықтар атласы әзірленді.

​Бұдан бөлек, Мойынқұм колледжіндегі қолданыстағы «Дәнекерлеу ісі», «Электрмен жабдықтау» мамандықтары жаңғыртылады.

​Жаңа оқу жылында «Гидрогеологиялық және инженерлік геология», «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» мамандықтарын ашу жоспарлануда.

​Алдағы уақытта атом электр станциясы құрылысына қажетті кадр даярлау жұмыстары қолға алынбақ.

​- Аймақтың дамуы еңбек адамдарының қолында! «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асатын жобалар – өңіріміздің ғана емес, тұтас еліміздің өркендеуіне серпін берері анық, – деді Ербол Қарашөкеев.

​Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Ерасыл Үсенов: Мен Президентіміздің «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын қолдай отырып, жастарды ерінбей еңбек етуге, үздіксіз білім алуға, өз кәсібін жетік меңгеруге, еліміздің дамуы жолында аянбай тер төгуге шақырамын!

​- Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының негізі. Дәнекерлеу ісі – тек ауыр еңбек қана емес, сонымен қатар, шыдамдылық пен дәлдікті қажет ететін өнер. Мен бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін! – дейді Жамбыл индустриалды технологиялық колледжінде «дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша білім алатын жалғыз қыз Виктория Маркова.

​Сондай-ақ «Казфосфат» тау-кен өңдеу комбинаты «Шолақтау» ЖШС-ның директоры Құдиярбек Омаров пен «Казфосфат» ЖШС «Көксу» кешенінің қызметкері Акпар Амангелдиевке сөз берілді.
​
Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жұмыс беруші кәсіпорындардың көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар колледждердегі оқу бағдарламаларымен танысып, кәсіптік білім берудің заманауи мүмкіндіктерін көрді.

​Ғылыми эксперименттер, мастер-класстар, шеберлік сабақтары өтті.

​Сонымен бірге 30-дан астам кәсіпорын бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұсынса, келіссөз алаңында колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы әріптестікті нығайтуға, түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кадрларды даярлау ісін жандандыруға бағытталған 8 меморандумға қол қойылды.

​Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Алдыңғы

Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Келесі

8 Наурыз мерекесі қарсаңында Талдықорғанда 23 көп балалы отбасыбаспаналы болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

6 июня, 2025
Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

6 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған