Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Qaitadan – апат жанрындағы тұңғыш отандық фильм

7 месяца назад
Qaitadan – апат жанрындағы тұңғыш отандық фильм
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

4 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Dala Cinema» киностудиясы ұсынған әлеуметтік-драма жанрындағы Qaitadan фильмі жарыққа шықты. Бұл фильм көрерменге Голливудтық «уақыт ілмегі» (day loop) мотивін қазақы болмыс және өзекті әлеуметтік мәселелермен сәтті үйлестірген бірегей туынды.

Фильмнің оқиғасы ауыл төңірегіндегі дамбының жарылуына байланысты өрбиді. Дамбыдағы үлкен сызат – бүкіл қазақ қоғамына арналған символдық ескерту іспеттес. Ол кез келген ұсақ-түйектің қауіпсіздік пен жауапкершілік тұрғысынан маңызды екенін жеткізеді. «Қайтадан» туындысы – қоғамды төтенше жағдайларғанемқұрайлы қарамауға, ескерту сигналдарына дер кезінде үн қатып, бірлікпен әрекет етуге шақырады. Баскейіпкер – қала баласы Рауан. Ол ҰБТ-дан сүрінген соң, ата-ананасы сабақ болсын деп шалғайдағы ауылға апарып тастайды. Бірақ тағдыр оны күтпеген сынаққа салады: Рауан бір күннің тұзағына қалады. Әр күннің соңында дамбы қирап, апат болады. Кейіпкер уақыт ілмегінен шығу үшін тек өзін ғана емес, бүкіл ауылды құтқаруы керек екенін түсінеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

«Фильмнің идеясы маған 2020 жылы келді. Сол жылы Алматы облысындағы Күрті ауылында бір түсірілімде жүргенбіз. Сол ауылдың шетінде үлкен дамбыны көріп, «егер жарылып кетер болса, ауылдың түгі қалмайды ғой» деген ой келді. Ақыры осы идеяны дамыта келе, «Қайтаданның» сценарийін жазып шықтық», — дейді фильм режиссері және сценарий авторы Думан Еркімбек. 

Оның айтуынша, фильмде адамдардың басына түскен сынақ, тығырықтан шығу кезіндегі әрекеттер, ой салатын идея бар. Көркем туындыда осындай айтпай келетін апаттардың алдын алу, оқиғаны болдырмау, себебі мен салдары сынды бағыттар қамтылған.

«Апат айтып келмейді. Осы фильм арқылы қандай да бір тосын жағдай болса, еліміздің әрбір азаматы қалай әрекет ету керегін көрсетуге тырыстық. Жалпақ тілмен айтар болсақ, бұл – есею туралы фильм. Фильм үшін жай ғана декорация емес, толыққанды ауыл тұрғызылды. Оған қоюшы суретшілеріміз бас-аяғы 3 ай уақыт жоғалтты. Осы арқылы біздің мамандардың ауқымды ғана емес, өте креативті декорацияларды да жасай алатын дәлелдедік деп ойлаймын. 300-ден астам массовка, ондаған дрон, екі үлкен түсірілім тобы қатысқан эвакуация мен дамбының жарылу сахналарын түсіру қиынға соқты. Жалпы, өте масштабты, техникалық тұрғыдан қиын жоба болғандықтан, әрбір түсірілім күні сынаққа толы болды. Әлбетте, бұл жұмыстарды атқару оңай болған жоқ. Дегенмен жұмыс тобының жобаға деген сенімі мен ауызбіршілігінің арқасында бәрін өткердік. Ең бастысы – көрерменге сапалы, ой саларлық терең туынды ұсынғымыз келді. Қалғанын халық бағалайды», — деп қорытындылады фильмнің бас продюсері Жалын Тілеуберген. 

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілді. Бас рөлдерде отандық жас актерлер Жасұлан Көпберген, Ермек Шынболатов және Шұғыла Ешенова түскен. Екінші планда Алмат Сақатовты, Ержан Нұрымбетовты және Әшім Ахметовты көруге болады. 

«Қайтадан» – тек уақыт ілмегінің символы ғана емес, өз болашағы мен қоғам игілігі үшін күрес жолын қайта ойлануға шақыратын фильм.

Алдыңғы

Врачи ОДКБ успешно устранили последствия тяжёлого ожога у ребёнка

Келесі

Huawei Pura 80: когда технологии становятся искусством

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

11 марта, 2026
Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

11 марта, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған