Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

7 месяца назад
«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Президенттің бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің түлектеріне деген сұраныс айтарлықтай өскен. Бұған дәлел, оқу орны еңбек нарығындағы әріптестігін кеңейтіп, кәсіпорындармен жасалған меморандумдар санын 125-ке жеткізген. Соның нәтижесінде 2024-2025 оқу жылында колледжді аяқтаған 848 түлектің 86 пайызы жұмысқа орналасуға мүмкіндік алған.
Сонымен қатар бүгінде колледж оқу бағдарламасына бизнестің сұранысына бейімделген, тәжірибеге негізделген білім беру жүйесін енгізуде. Бұл туралы оқу орнының директоры Асхат Картаков Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында айтты, деп хабарлайды qulaq-24.kz.

Бүгінде колледжде 2 600-ге жуық студент 30-дан астам мамандық бойынша білім алуда. Олардың ішінде 1 500-ге жуығы жұмысшы мамандықтар бойынша оқып жүр. Ерекше атап өтерлігі – студенттердің басым бөлігі дуалды оқыту жүйесі негізінде дайындалады. Бұл жүйе теория мен практиканы тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді: оқу уақытының 40%-ы колледжде, ал 60%-ы нақты өндіріс орындарында өтеді.
Колледждің техникалық базасы да жыл сайын жаңартылып келеді. Заманауи зертханалар, өндірістік тренажерлар, интерактивті құрылғылар студенттердің кәсіби деңгейін арттыруға сеп болып отыр. Робототехника, IT және автоматтандыру бағыттарында бірқатар заманауи құрылғылар жеткізілді. Бұл жастардың ғылыми-зерттеу мен инженерлік ойлау қабілетін дамытуға жол ашуда.
– Қазіргі таңда колледждің материалдық-техникалық базасы қарқынды түрде жаңартылып жатыр. Технология күн сайын дамып жатқандықтан, біз де бұл үдеріске бейімделіп, колледжімізді үнемі жетілдіру үстіндеміз. Мысалы, жуырда ғана робототехника секциясына заманауи құрылғылар жеткізіліп, студенттердің тәжірибелік қабілетін дамытуға жағдай жасалды. Сонымен қатар, біз ірі кәсіпорындармен – «Қазфосфат», НДПЗ секілді алпауыттармен меморандум жасап, студенттерімізді өндірістік практикаға бағыттадық, – деді колледж директоры Асхат Картаков.
Сондай-ақ, колледж студенттері осындай заманауи техникалық базаның арқасында түрлі жарыстарға қатысып, жетістікке жетуде. Мәселен, WorldSkills чемпионатының аймақтық кезеңінде он тоғыз құзыреттілік бойынша жарыс өткен. Соның ішінде Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің он бір студенті алтын жүлдеге ие болған. Олардың тоғызы енді республикалық кезеңде облыс намысын қорғамақ.
Айта кету керек, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі «Жас маман» жобасына қатысып, еліміз бойынша іріктелген 180 үздік колледждің қатарына енген. Бұл мәртебе оқу орнының техникалық мүмкіндіктері мен білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.
Колледж тек республикалық қана емес, халықаралық серіктестік бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жуырда оқу орны Қытайдың Сиань қаласындағы химиялық колледжімен меморандумға қол қойды. Бұл келісімнің негізінде қос дипломды білім беру жүйесі іске аспақ. Жоспарға сәйкес, студент үш жыл бойы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде оқып, соңғы оқу жылын Қытайда жалғастырады.
– Бұл пилоттық жоба студенттер үшін тегін жүзеге асады. Қытайдағы оқу шығындарын серіктес тарап толық қаржыландырады, ал Қазақстандағы оқуды біз өз есебімізден қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда Қытай инвесторлары Жамбыл облысына белсенді келіп жатқанын ескерсек, бұл бағдарлама түлектерімізге мол мүмкіндік береді, – дейді колледж директоры.
Қорытындылай келе, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі — заманауи білім беру, кәсіби тәжірибе мен халықаралық серіктестікті үйлестіре отырып, еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлайтын жетекші оқу орны. Елдегі жұмысшы кадрларға деген сұраныс артып отырған кезеңде мұндай колледждердің рөлі бұрынғыдан да маңызды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Алдыңғы

Жамбылда бала құқығы: жүйе жаңарып, нақты тетіктер іске қосылуда

Келесі

Компания HONOR выпустила бета-версию MagicOS 10 на базе Android 16

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

11 марта, 2026
Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

11 марта, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған