Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Орамал дауына қатысты ҚМДБ не дейді?

5 дня назад
Орамал дауына қатысты ҚМДБ не дейді?
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектеп формасына қойылатын талаптарға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Діни басқарма балиғат жасына жеткен мұсылман қыздарға мектеп формасына үйлесімді орамал тағуға мүмкіндік берілуі керек деп санайды.

ҚМДБ мәлімдеуінше, Ислам шариғаты бойынша балиғат жасына жеткен мұсылман қыз үшін орамал тағу – парыз. Бұл мәселеге қатысты діни үкімнің өзгермейтіні атап өтілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Биылғы Жолдауда қандай саяси және экономикалық міндеттер белгіленуі мүмкін? Саясаттанушы болжамын айтты

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

«Ислам шариғаты бойынша балиғат жасына жеткен мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Бұл мәселедегі діни үкім өзгермейді. ҚМДБ бұған дейін де осы ұстанымды бірнеше рет ашық білдіріп, мектеп жасындағы қыздардың білім алуына кедергі келтірмей, діни міндетін орындауына мүмкіндік беретін оңтайлы шешім қабылдау жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстарын жеткізген. Атап айтқанда, мектеп формасының жалпы үлгісі мен түсіне үйлесетін орамалға рұқсат беру ұсынылған», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

ҚМДБ-ның пікірінше, оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі болмауы тиіс. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының мұсылман қыздардың діни ұстанымына түсіністікпен қарауы мектепті лицензиядан айыруға негіз болатын жағдайға айналмауы керек.

«Біздің пайымымызша, оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі болмауы тиіс. Сол секілді білім беру ұйымдарының мұсылман қыздардың діни ұстанымына түсіністік танытуы мектепті лицензиядан айыруға негіз болатын мәселеге айналмағаны жөн. Осы себепті ҚМДБ орамал тағуға мүмкіндік берген жекеменшік мектептерді лицензиядан айыру секілді қатаң шараларды қолдануды құптамайды», — деп атап өтті мүфтияттағылар.

ҚМДБ сонымен бірге зайырлылық қағидатына қатысты пікірін білдірді. Басқарманың мәлімдеуінше, зайырлы мемлекет ұстанымы дінді жоққа шығару немесе азаматтардың діни сенімін шектеу дегенді білдірмейді.

«Зайырлылық – дінді жоққа шығару немесе азаматтың діни сенімін шектеу деген сөз емес. Зайырлы мемлекетте дін мемлекеттен бөлінгенімен, азаматтардың ар-ождан бостандығына құрметпен қарау қағидаты сақталады», – делінген мәлімдемеде.

Діни басқарма Қазақстан заңнамасында да заңды діни қызметке кедергі келтіруге және адамның дінге көзқарасына байланысты азаматтық құқықтарының бұзылуына жол берілмейтіні көрсетілгенін атап өтті.

ҚМДБ орамал мәселесінің қоғамда бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқанын еске салды. Оның пікірінше, бұл мәселені тек тыйым салу немесе әкімшілік шаралар арқылы шешуге тырысу қоғамдағы түсініспеушілікті одан әрі күшейтуі мүмкін.

Осыған орай ҚМДБ Оқу-ағарту министрлігіне және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарға мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтай отырып, балиғат жасына жеткен мұсылман қыздардың орамал тағуына мүмкіндік беретін нақты құқықтық тетіктерді қарастыруды ұсынды.

Діни басқарма үшін балалардың сапалы білім алуы ғана емес, олардың тәрбиелі, өз сеніміне құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуы да маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар ҚМДБ аталған мәселені мемлекеттік органдар, дін өкілдері, ата-аналар және сарапшылардың қатысуымен ашық әрі сындарлы диалог арқылы талқылауға дайын екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзған, оның ішінде оқушы қыздарға орамал тағуға рұқсат берген жекеменшік мектептердің лицензиясынан айырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Алдыңғы

Биылғы Жолдауда қандай саяси және экономикалық міндеттер белгіленуі мүмкін? Саясаттанушы болжамын айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Орамал дауына қатысты ҚМДБ не дейді?

Орамал дауына қатысты ҚМДБ не дейді?

11 сентября, 2026
Биылғы Жолдауда қандай саяси және экономикалық міндеттер белгіленуі мүмкін? Саясаттанушы болжамын айтты

Биылғы Жолдауда қандай саяси және экономикалық міндеттер белгіленуі мүмкін? Саясаттанушы болжамын айтты

11 сентября, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған