Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

«Халық» қайырымдылық қоры тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсетті

2 года назад
«Халық» қайырымдылық қоры тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсетті
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Алматы облысында былтыр жергілікті әкімдіктің шешімімен 50 орындық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуеттік көмек көрсету орталығы ашылды. Орталық  қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсетіп қана қоймай, оларды жұмыспен қамтуды көздейді. Орталық бастамасына «Халық» қайырымдылық қоры қолдау көрсетті. 28 тамыз күні қор қолдауымен жабдықталған тігін цехы мен шаштараз кабинеті ашылды.

Орталық директоры Раушан Алпысбаева  қыз-келіншектерге кәсіп үйрету  жайында бастама көтергенде «Халық» қайырымдылық қорының дер кезінде көмекке келгенін ерекше атап өтті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

«Осы орталықтан пана іздеп келген қыз-келіншектерге қолдау керек деп тігін цехы мен шаштараз ашуға ұсыныспен шыққан кезде «Халық» қайырымдылық қоры көмек қолын бірден создық.  Қыз-келіншектердің тігін мен шаштараз ісін меңгеруін қолдаймыз. Біздің қордың да негізгі мақсаты – «балық беру емес, қармақ ұстату». Қор басшылары Сіздердің сұраныстарыңызға сай қажетті құрал-жабдықпен толық қамтып отыр», — деді шарада «Халық» қайырымдылық қоры Алматы облысы филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ләззат Салықова бұндай орталықтарды қоғам болып қолдаудың маңызына тоқталды.

«Халық» қайырымдылық қоры әлеуметтік жобаларды ұдайы қолдап келеді.  Қорының арқасында осындағы  қыз-келіншектер жаңа дүние үйреніп, білім-біліктіліктерін жетілдіреді», — деді облыс әкімінің кеңесшісі, «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Салықова.

Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова екі жыл бұрын құрылған орталықта 8 түрлі қызмет көрсетілетінін атап өтті. Басқарма басшысының айтуынша, Орталыққа өткен жылы 156 адам жүгінген. Биылдың өзінде 143 қыз-келіншекке көмек көрсетілген.

«Екі ай бұрын «Халық» қайырымдылық қорымен әріптестік байланыс орнатып, меморандумға қол қойған едік. Міне, көп уақыт өтпей нәтижесін көріп отырмыз. Тігін цехын, шаштараз ашуға қажет барлық құрал-жабдықтармен қамтыды. Көмек қолын созған «Халық» қайырымдылық қорына алғысымыз шексіз», — деді Айгүл Ахметова.

Атап өткен жөн, Динара және Тимур Құлыбаевтардың жетекшілігімен құрылған «Халық» қайырымдылық қоры осы уақытқа дейін әлеуметтік жобаларға 85 млрд теңгеден астам қаржы бөлген.

Алдыңғы

«ӘЛЕУМЕТТІК ШЕБЕРХАНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «SOS БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ» ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАРКЕТИНГТЕН КУРСТАР ӨТТІ

Келесі

Қашқан жоқпыз: RAMS QAZAQSTAN өкілдері журналистер сұрағына жауап берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

11 марта, 2026
Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

11 марта, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған