Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Мектепте ақша жинағандарға қандай жаза қарастырылған?

8 месяца назад
Мектепте ақша жинағандарға қандай жаза қарастырылған?
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарында ақшалай қаражат жинаудың салдары қандай болатынын жеткізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында жақында білім беру ұйымдарының 2000 астам басшыларының, аумақтық департаменттер өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

HONOR өзінің корпоративтік стратегиясын жариялады: тұтынушылық электроникадан AI-құрылғылардың ашық экожүйесіне көшу

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Дубайда: ICAMEM 2024 конференциясында инновациялық зерттеулерін ұсынды

«Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бақылау іс-шараларын ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау бойынша жан-жақты түсініктемелер алды. Білім беру ұйымдарының аумағында әртүрлі сылтаулармен заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы шеңберінде педагогтардың кәсіби қызметіне байланысты бұзушылықтарға ерекше назар аударылды», – деді министрлікте.

Айта кетейік, педагогтарды кәсіби қызметіне сәйкес келмейтін жұмыстарға тартуға, сондай-ақ оларға тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндетін жүктеуге тыйым салынады. Осы нормаларды бұзу қолданыстағы заңнама шеңберінде жауаптылыққа алып келеді.

«Білім беру процесінің әрбір қатысушысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ете отырып, адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсетуі тиіс. Осы қағидаттарды мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығына назар аударамыз және педагогтарды, білім беру ұйымдарының басшыларын сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың кез келген жағдайлары туралы хабарлауға шақырамыз», – деді комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

Ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері анықталған кезде аумақтық департаменттерге немесе ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 нөмірі бойынша дереу хабарлау ұсынылады.
 
Естеріңізге сала кетейік, білім беруге бөлінген қаражатты жымқырудың жолын кесу мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Жол картасын» іске асырып жатыр. Нәтижесінде, мемлекет қазынасына тиісінше жұмсалмаған 15 миллиард теңге қайтарылды. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту жөніндегі жұмыс жалғасын табады.

Тэгтер: БілімЖемқорлықОқу-ағарту министрі
Алдыңғы

Талғарда тағы да атыс болды

Келесі

Ресейлік газеттер Алматы полиция департаментіне бумалап тасылып жүр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

Алматы волонтерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Волонтёры Алматы провели субботник в рамках акции «Таза Қазақстан»

4 июня, 2025
Алматы волонтерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Алматы волонтерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

4 июня, 2025

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • “В RAMS QAZAQSTAN развеяли слухи о финансовых проблемах компании”

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған