Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Жамбыл облысында 1 млн тонна қант қызылшасын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

7 месяца назад
Жамбыл облысында 1 млн тонна қант қызылшасын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Жамбыл облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында заманауи қант зауытының құрылысы басталды. Салтанатты рәсімге ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Белгілі мәдениет менеджері Нұрғиса Дәуешов жаңа қызметке тағайындалды

Жамбылда 10 мыңға жуық тұрғын құқықтық кеңес алды: «Заң мен тәртіп» керуені үш ауданды қамтыды

Бұл Қазақстанда тәуелсіздік жылдары салынып жатқан алқашқы қант зауыты. Жобаның инвесторы – қытайлық Zhongkai Guoyuan Industrial Investment Co., ал технологиялық серіктесі – Oushangyuan Process & Equipment Intelligent Co.

Инвестиция көлемі шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорында 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобалық қуат жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеп, шамамен 120 мың тонна қант, сондай-ақ меласса мен жом сияқты қосалқы өнімдер өндіруге мүмкіндік береді.

Жобаның жүзеге асуы Қазақстанның ішкі нарығын қантпен толық қамтамасыз етіп, елдің импортқа тәуелділігін айтарлықтай төмендетпек.«Zhongkai Kazakhstan International Sugar Industry Company» компаниясының бас директоры Сяо Анбаоның айтуынша, Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібін дамытуға қолайлы жағдайлар мен кең мүмкіндіктер бар.

Жаңа зауыттың құрылысы агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртудың маңызды қадамына айналып, қант қызылшасы өндірісін сапалы жаңа деңгейге көтереді.

Өңірдегі шаруа қожалықтары зауытты шикізатпен толық қамтуға дайын екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, биылғы жылдың сегіз айында облыстың негізгі капиталына 391,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4 пайызға артық.

Жыл басынан бері өңірде 9 ірі инвестициялық жоба іске қосылды. Олардың қатарында жылына 80 мың тонна өнім шығаратын әк зауыты, 36 млн дана кірпіш өндіретін зауыт, 100 мың шаршы метр шыңдалған әйнек шығаратын кәсіпорын, жылына 250 бірлік теміржол локомотиві мен жылжымалы құрам жасайтын өндіріс, алтын кенін өндіру ісі және жаңа жол бойындағы қонақүй бар.

Алдыңғы

Отандық ауыл шаруашылығы техникасына салынған инвестиция: Жамбыл облысында жаңа зауыттың құрылысы басталды

Келесі

Жамбыл облысының экономикалық өсімі 11,4 пайыз болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

11 марта, 2026
Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

11 марта, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған