Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

Жамбыл облысының экономикалық өсімі 11,4 пайыз болды

7 месяца назад
Жамбыл облысының экономикалық өсімі 11,4 пайыз болды
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдің 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралды. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлік, қорғаныс салаларындағы атқарылған жұмыстар талқыланды. 

Жиын барысында қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі, күзгі дала жұмыстары мен вегетациялық кезеңнің барысы жөнінде бірқатар басқарма басшысының, полиция және төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің есептері тыңдалды. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Белгілі мәдениет менеджері Нұрғиса Дәуешов жаңа қызметке тағайындалды

Жамбылда 10 мыңға жуық тұрғын құқықтық кеңес алды: «Заң мен тәртіп» керуені үш ауданды қамтыды

Экономика және бюджеттің жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша облыс экономикасының өсімі 11,4 пайызды құрады. 

Бұл көрсеткіш өнеркәсіп (18,9%), ауыл шаруашылығы (0,1%), құрылыс (19,6%), тұрғын үй (2,8%), сауда (2,4%), көлік (4,9%) және байланыс (9,3%) салаларындағы өсім есебінен қамтамасыз етілді.

Барлық салада оң динамика қалыптасты. 

Алайда, өнеркәсіп өнімінің көлемі – Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандарында, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – Жуалы, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Қордай аудандарында, инвестиция көлемі – Мойынқұм, Қордай аудандарында, құрылыс көлемі – Мойынқұм ауданында, бөлшек сауда – Сарысу ауданында төмен деңгейде қалып отыр.

Бұдан соң облыстық бюджеттің орындалуы туралы қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкектің баяндамасы тыңдалды. 

– Экономикалық көрсеткіштердің орындалуы – басты әрі маңызды міндет. Талаптар айқын, межелер нақты белгіленген. Жауапсыздық пен салғырттыққа жол беруге болмайды, – деді Ербол Қарашөкеев.

Өңір басшысы әрбір қаржының мақсатты игерілуін қамтамасыз етуді, бюджеттік тәртіптің бұзылуына жол бермеуді талап етті. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына тұрақты мониторинг жүргізіп, тұрғындарға жеңілдетілген бағамен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруды міндеттеді. 

– Жәрмеңкеге шығарылатын өнімдер сапалы, жеткілікті көлемде әрі жамбылдықтарға қолжетімді болуы тиіс, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Басқосуда мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Әбдіқазиев, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Иманбаев сөз сөйледі. 

Аппараттық кеңес қорытындысында облыс әкімінің бірінші орынбасарына, басқарма басшыларына, сондай-ақ Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне көтерілген мәселелерді қатаң бақылауда ұстап, оларды шешу үшін нақты шаралар қабылдау тапсырылды. 

Алдыңғы

Жамбыл облысында 1 млн тонна қант қызылшасын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Келесі

Жамбыл облысында құны 300 млрд теңгеден асатын 20 агрожоба іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

11 марта, 2026
Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

11 марта, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған