Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

«Байтақ» партиясы маңызды мәлімдеме жасады

4 месяца назад
«Байтақ» партиясы маңызды мәлімдеме жасады
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Бүгін Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясы маңызды мәлімдеме жасады. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың кандидатурасын Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына ресми түрде ұсынатынын хабарлады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

«Семей ядролық полигонын жабуға бастамашы болып, бұл іске шешуші үлес қосқан тұлғаның бірі – Олжас Сүлейменов. Оның бастамасымен Қазақстан көтерген халықаралық қозғалыстың нәтижесінде әлемнің бірнеше елінде төрт ірі ядролық сынақ алаңы, соның ішінде АҚШ-тағы Невада полигоны да жабылды. Партия өкілдері қазір әлемде ядролық қақтығыс қаупі артып, геосаяси тұрақсыздық күшейген тұста Сүлейменовтің еңбегінің маңызы бұрынғыдан да өзекті екенін атап өтеді. Оның азаматтық батылдығы миллиондаған адамның өмірін сақтап, ядролық қарудан ада болашаққа ұмтылған елдерге үлгі болған», — деп ойын түйіндеді. Жиналғандар бұл бастамаға қолдау білдірді.

Сондай-ақ партия басшысы экология мәселелерін көтеріп жүрген маман ретінде,  Алматы қаласындағы ауаның ластануына қатысты өз пікірімен бөлісті. «Біз ағаштарды көптеп отырғызғанымызбен Алматы қаласының экологиялық ахуалын жақсарта алмадық. Енді қазіргі таңда ауа тазарататын түрлі технологиялар бар. Біз соларды енгізіп Алматы қаласының ауасын тазартуға тырысып жатырмыз. Оның біреуінің өзі 100 мың АҚШ доллары тұрады. Қаланың ауасын 60-70 пайыз тазарту үшін бізге 1500-дей қондырғы тазалағыш керек екен. Ол 150 млн доллар шамамен. Бірақ бұл өзін өзі ақтайтын жоба. Қазіргі таңда партияның Алматы қалалық филиалына жаңадан тағайындаға төрайым Алма Қараш осы жобаға қаржы тарту жолдарын қарастырып жатыр. Бұл әлемнің көптеген елдерінде бар технология. Үндістанның үлкен қалаларында, Қытайда да бар ол жоба. Біз көлік ағынын тоқтата алмаймыз. Ауаны ластап отырған 80 пайыз көліктер болғанымен, халыққа көлікпен жүрме деп тыйым сала алмаймыз. Сондықтан осындай технология көмегіне сүйенуге тура келіп отыр. Ауаның ластануынан адамдар түрлі жаман ауруларға шалдығады. Ауа тікелей қанға әсер етеді, қанды қоюлатады. Содан кейін адамдар жүрек қан тамыр ауруларына жиі шалдығады» дейді Азаматхан мырза.

Қазіргі таңда партия өкілдері Алматы қаласының экологиясына алаңдап, қаладағы экологиялық мәселелерді шешу үшін нақты қадамдарға барып отыр. Соның бір айғағы «Байтақ» партиясының Алматы филиалына  жаңадан сайланған төрайымы Алма Қараш жаңа технологиялық шешімдер мен нақты мониторинг деректері және алдағы 5 жылға арналған қадамдар қамтылған жоспарымен бөлісті.

Партияның Алматы қаласындағы филиалының жаңа төрайымы «Қазіргі таңда менің мойыныма үлкен жауапкершілік артылып отырғанын түсініп отырмын. Қазіргі таңда Алматы қаласының экологиялық ахуалы өте алаңдатарлық жағдайда. Біз әлемдегі ауасы лас қалалардың көшін бастап тұрмыз. Сондықтан біз қазір нақты шешу жолдарын ұсынып отырмыз. Біз жасылдар партиясы ретінде Алматы қаласы экологиясын шешу үшін көптеген экологтарды, ғалымдарды осы мәселеге назарын аударын отырмыз. Мен Дели қаласында болғанда ауа тазартқыш мұнара назарымды аударды. Мен көрген мұнара колледж аумағында тұрды. Ол ауаны сорып, тазартып қайта таратады. Қазіргі таңда осы жобаны біз Алматы қаласына қолдануды ойлап отырмыз» дейді.

Сонымен қатар, дәл бүгін «Ұлы даланың – жасыл елшісі» жобасы да өз мәресіне жетті. Велошабандоз Сапар Аманжолұлы бірнеше ай бойы елімізді жүріп өтіп, 12 000 км қашықтықты еңсерген. Ол жоба барысында елдегі экологиялық проблемалардың толық тізімін жасап шыққан. Велосипедпен 12 000 шақырым жүріп өтіп, Қазақстанның шамамен барлық өңірлерін қамтыды. Экологиялық велотур барысында Сапар Аманжолұлы еліміздің әр өңіріндегі нақты экологиялық проблемаларды өз көзімен көріп, мына бағыттар бойынша фото-, бейне- және аудиоматериалдар жинаған.

Алдыңғы

Жамбылда 10 мыңға жуық тұрғын құқықтық кеңес алды: «Заң мен тәртіп» керуені үш ауданды қамтыды

Келесі

В Алматинской области успешно удалили редкую феохромоцитому

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

11 марта, 2026
Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

11 марта, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған