Жарнама
Жаңалықтар порталы
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Көзқарас
  • Саясат
  • Бизнес
  • Ғылым
No Result
View All Result
Qulaq-24.kz
No Result
View All Result

«Жарқын Болашақ» бағдарламасы жастарға қандай бағыт-бағдар береді

5 месяца назад
«Жарқын Болашақ» бағдарламасы жастарға қандай бағыт-бағдар береді
Facebook-те бөлісуWhatsapp-та бөлісу

Маңғыстау облысы жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Жарқын Болашақ» бағдарламасы» еліміздегі ең маңызды білім беру бастамаларының біріне айналды. Бүгінде бағдарлама аясында 1000-нан аса маңғыстаулық жас еліміздің үздік оқу ордаларында білім алып жатыр. Оның 230-дан астамы Алматы қаласында оқиды. Грант иегерлері техникалық, медициналық, шығармашылық және педагогикалық бағыттарды таңдаған. Білім беру гранты жастарға колледждер мен мектептерде тегін білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, жатақханамен қамтып, жол шығындарын өтейді. Сонымен қатар жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асырады.

Бағдарлама қатысушыларының бірі Рамазан Худайберген Алматыдағы Профессор Рузуддиновтың Жоғары Медициналық-Стоматологиялық колледжінде «оптометрист» мамандығы бойынша білім алады. Оның айтуынша, «Жарқын Болашақ» бағдарламасы кәсіби түрде жетіліп, тұлға ретінде дамуына жол ашқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

«Бұл бағдарлама бізге жаңа мүмкіндіктер ашып, көзқарасымызды кеңейтті. Оқу орнында жақсы білім алып, өз мақсаттарымызға жетуге мотивация алдық. Екі жыл ішінде көп нәрсені үйрендім: адамдармен жақсы тіл табысу, дұрыс қарым-қатынас құру, өзіме сенімді болу.  Менің ойымша, «Жарқын Болашақ» бағдарламасы мен сияқты жаңаөзендік жастар үшін өте маңызды әрі тиімді. Себебі жаңа орта көріп, көкжиегімізді кеңейтіп жатырмыз. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бастамасымен жүзеге асқан бағдарлама маған өмірлік бағытымды анықтауға мүмкіндік берді», — дейді ол.

Рамазан сегіз жылдан аса күреспен айналысып, елеулі жетістіктерге жеткен. Бойында қалыптасқан тәртіп пен төзім бүгінде оқу процесінде де көмектеседі. Оның айтуынша, бағдарлама нағыз маман болуға ынталандырып, айқын мақсаттар қоюға ықпал етеді.

Рамазан білім алатын Профессор Рузуддиновтың Жоғары Медициналық-Стоматологиялық колледжінде оннан аса студент оқиды. Жақында грант иегерлері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Адам ресурстарын басқару жөніндегі бизнес-серіктесі Гүлшара Әбдікалықовамен кездесті. Әңгіме барысында студенттер оқу процесі, жаңа ортаға бейімделу, кәсіби жоспарлар мен жеке мақсаттары туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар Гүлшара Әбдікалықова мен Bilim Foundation корпоративтік қорының президенті Ерлан Айтмұхамбет колледждің оқу корпустарын, зертханаларын, шеберханалары мен жатақханаларын аралап, колледж әкімшілігімен студенттердің академиялық нәтижелерін талқылады.

2022 жылдан бастап іске қосылған бұл бағдарлама Маңғыстау облысына қарасты Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарындағы 12-22 жас аралығындағы жастарға еліміздің үздік мектептері мен колледждерінде тегін білім алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының және Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауымен, Bilim Foundation қорының ұйымдастыруымен жүзеге асып келеді.

Алдыңғы

Алматы облысында алғаш рет асқазанға ота сәтті жасалды

Келесі

Оқушыларға буллинг пен тәуелділіктің зияны туралы профилактикалық дәріс оқылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

МАҢЫЗДЫ

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

«Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі Ұлттық орталық музейде өтіп жатыр

11 марта, 2026
Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

11 марта, 2026

КӨП ОҚЫЛҒАН

  • Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    Есірткі қылмысы үшін сотталған жастардың туыстары үндеу жасады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Ауған соғысының ардагерлері фашист пе? Бірлестік өкілі үндеу жариялады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Абай ауылындағы №2 мектепте Оразгүл Асанғазымен кездесу өтті

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • «Sensata City» — Заңсыз жер, сапасыз үй…

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Область Жетысу демонстрирует устойчивые результаты в борьбе с онкологическими заболеваниями

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

QULAQ — ақпараттық порталы

Қазақстандағы және әлемдегі жаңалықтар

КАТЕГОРИЯЛАР

  • Uncategorized
  • Әлем
  • Бизнес
  • Все записи
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Жаңалықтар
  • Көзқарас
  • Қоғам
  • Лайфстайл
  • Лайфстайл
  • Мир
  • Новости
  • Саясат
  • Спорт
  • Технология

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған

No Result
View All Result
  • Саясат
  • Әлем
  • Бизнес
  • Ғылым
  • Спорт
  • Лайфстайл
  • Саяхат
  • Технология
  • Денсаулық

© 2024 QULAQ.KZ - Барлық құқықтар қорғалған